ойын сауық отауы
Құмырсқа жылай ма? Мұзафар Әлімбаев
14.11.2023 7 077 0 Дауыл

Құмырсқа жылай ма? Мұзафар Әлімбаев

Өлеңдер
Мұзафар Әлімбаев
Ана тіліне тағзым кітабынан
Жел деген не?

Жел деген не?
(Айт деп інім жалынды).
- Жел де – ауа кәдімгі
(Айтқаныма нан ғой),
Жел дегенің, тек бірақ
Ойға - қырға шапқылап,
Байыз таппас ауа ғой.

Ұзын тіл
Ұялмайды ұзын тіл,
Қызармайды ұзын тіл.
Неге десең, ұзын тіл –
Туғаннан – ақ қызыл тіл.
Адам нанбас сөз айтып,
Бөскен сайын ұзарар.
Сол тіл үшін көз тайқып,
Бет пен құлақ қызарар.

Жорға торғай
Жорға торғай жалпылдап
Күзде жаңғақ терді мол.
Тұмсығымен шұқылап,
Топыраққа көмді ол.

Қысып қыстың бораны
Қалса керек қарны ашып.
Тапты торғай тамағын,
Қойманы іздеп, қарды аршып.

Кетіпті ол ұмытып
Шошқа жаңғақ талайын...
Көктем келді жылытып,
Көгеріпті тау, тоғайын.

Тіршілікке нәр берген
Күн төбеде тұр биік.
Келеді өсіп дәндерден
Бала емендер қылтиып.

Балық неге ән салмайды?
- Балық неге ән салмайды?
Әнге неге тамсанбайды?
- Көңілі хош емес,
Аузы бос емес.
Болса да көкірегі жырға толы,
Аузы да, құлағы да суға толы...

Құмырсқа жылай ма?
- Құмырсқа жылай ма?
- Жылайды құмырсқа,
Ауырып бір айға,
Бармаса жұмысқа.
Жылайды құмырсқа,
Зерігіп жұмыссыз:
«Қалды, - деп, - бұл тұста
Илеуім ырыссыз».

Қандай сөздер
Ана -
Ардақты сөз.
Тау - тас –
Салмақты сөз.
Жел –
Қанатты сөз.
Шәкірт –
Талапты сөз.
Жалау –
Дабылды сөз.
Алау –
Жалынды сөз.
Дос - жар –
Мерейлі сөз,
Дала –
Пейілді сөз.

Атаны жұбатады
Атасы айтты күрсініп:
- Ғұмыр қысқа...
Ұзартатын жоқ әттең, білгір ұста....
Немере айтты:
- Ататай, сәл шыдашы,
Қайратыңды қажымай қамшылашы.
Ержетейін, жігіт боп мен де өсейін,
Дәрігер ғалымдармен кеңесейін.
Сапырмашы, ататай сары уайым,
Емшіліктің сырына қанығайын.
Ізденейін, оқиын, толысайын,
Содан кейін, ататай болысайын.
Ұзартатын жасыңды жүзге дейін.
Дәрі тауып берейін Сізге кейін.

Ақсақалдың ақ батасынан
Оқуда алғыр бол,
Ойлауға даңғыл бол!
Өмірде әділ бол,
Ашуда сабыр бол!
Ісіңде шебер бол,
Ақылға кемел бол!
Қиынға батыл бол,
Еңбекте батыр бол!
Уәдеңе берік бол,
Ауылыңа көрік бол!

О, қорқайын мен неге? Мұзафар Әлімбаев О, қорқайын мен неге? Мұзафар Әлімбаев
Нағашы атасы: - Шам жақпаған үйде сен Қалмайды дейді. Қараңғы бөлмеге кір десең, Бармайды дейді. Осы рас па?
Сіңлің бар ма сенің? Мұзафар Әлімбаев Сіңлің бар ма сенің? Мұзафар Әлімбаев
Гауһар балабақшадан Мақтанды үйге кетерде: - Менің аппақ шекердей Туған сіңлім – бөпем бар. Өзінің аты – Шекербал!
Ойыннан қайтқан Орақ - Мұзафар Әлімбаев Ойыннан қайтқан Орақ - Мұзафар Әлімбаев
Ойнап - ойнап манадан, Орақ келді даладан. Пальто сүңгіп қуысқа, Бөрік зырлап бұрышқа, Етік шкаф үстіне Ұшып барып түсті де, Қолғап төрге атылды –
Сөз мәнісін айыра біл - Мұзафар Әлімбаев Сөз мәнісін айыра біл - Мұзафар Әлімбаев
Жолдасыңмен келіс те, Жұмысыңды кел, істе!
Жұмбақтар Жұмбақтар
Әй, керемет бір ит бар, Үй бағады, үрмейді. Аяғы жоқ жүрмейді, Ұрықсатсыз ол иттен Адам үйге кімейді. (Құлып)
Көңілім, неге жасисың Көңілім, неге жасисың
Көңілім, неге жасисың? Миым, неге ашисың? Ой түбіне жете алмай, Жүректі тырнап қасисың.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×