ойын сауық отауы
Ей балам, саған қарап ойланам
25.05.2019 1 676 0 Дауыл

Ей балам, саған қарап ойланам

Өлеңдер
Ей балам, саған қарап ойланам,
Сәби кезің, томпаң қағап ойнаған.
«Кім боласың» туындайды, ой маған.

Бет пішінің атам түстес аумаған,
Бабаң басқан топырақ, өзің бүгін аунаған.
Былдырлаған тілдеріңнен байқалады аңғыртық,
Кім боларың болашақта сыр маған.

Әке тұрып ақыл айтсын баласына ұқтырып,
Кезі келер болашақта қабылдайтын жүк қылып.
Сен тұяқсың, жалғастырар ұрпақты,
Қазақ үшін тегін білмеу жат қылық!

Ата - тегің асыл мұра қазынаң,
Ата - дәстүр аманат жүк, ұқ, балам.
Бабалардың өсиеті жақсылыққа жол бастар,
Қалыптасар болар бала жасынан.

Сезіледі бойыңнан сезімталдық қасиет,
Абай атаң айтып кеткен өсиет.
«Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол»,
Жүрегіңе тұмар болсын, адалдық ақ ниет.

Заманыңның ырғағымен құлаштағың кеңдікке,
Жоғары ұста намыс туың озбырлыққа көндікпе.
Алалықтан ақ - қараны ажырат,
Қара қылды қақ жару саналады ерлікке.

Арман, мақсат алынбайтын шың емес,
Атақ, мансап ар жүгіңе тең емес.
Арық айтып, сынақтардан семіз шық,
Жота мен тау, өзен мен көл тең емес.

«Кім боласың»- кішік пе әлде ұлық па,
Төзімді бол ыстыққа да суыққа.
Адал пенде болу бала міндетің,
Жаратушы Алла барын ұмытпа!!!

Ұры мен баласы - Сәбит Дөнентаев Ұры мен баласы - Сәбит Дөнентаев
Көз салмас ұры неге қарны ашқан соң, Аяғын арамдыққа бір басқан соң Жанында бір кішкене баласы бар, Жөнелді бақша жаққа кеш батқан соң.
Әскерге аттанатын жастарға арналған бата Әскерге аттанатын жастарға арналған бата
Оң болсын, балам, сапарың, Мол болсын дәм - тұз татарың. Туған елің тапсырған. Аманат саған Отаның.
Балғожа бидің баласына жазған хаты Балғожа бидің баласына жазған хаты
Үміт еткен көзімнің нұры балам, Жаныңа жәрдем берсін құдайтағалам; Атаң мұнда анаңмен есен - аман, Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Алғыс айтып өтем саған Алғыс айтып өтем саған
О бастан - ақ Мен Сен болғам, Сен, әрине, Мен едің, Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің. Келер таңға қиял жалғап, сыр толғасып кей күн біз
Әке сөзі Әке сөзі
Бұл дүние не боп кетті? He боп кетті? Ой! Балам!.. Қызығым - ау, бұзығым - ау, Отқа түсіп, ойнаған.
Аттанғанда Аттанғанда
Қош! Деп қанат қағады құстар маған. Қош! Деп мені құшақтап, құшқан далам. Аманаттап біреуге жатыр мені: - Аманат - деп,- ұямнан ұшқан балам.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×