ойын сауық отауы
Бермесең әділ баға сынай берме
29.05.2019 813 0 Дауыл

Бермесең әділ баға сынай берме

Өлеңдер
Бермесең әділ баға сынай берме
Әуелде ақиқаттан алыс тұра,
Ойыңды өзге оймен жарыстыра,
Талапты, талғамы бар адам болсаң,
Жетерсің сен шыңына салыстыра.

Тек қана өзімдікі жөн дей берме,
Басқаны түн, өзіңді күндей көрме,
Әркімнің өз ойы бар міндей берме.
Бас салып жөн - жосықсыз жүндей берме.

Бауырым сен емессің елді түзер,
Кемін айт, кемшілігін өзі тізер.
Сындарлы айтқан сөзің әділ болса,
Ойының жал - құйрығын өзі күзер.

Бермесең әділ баға сынай көрме,
Сезімнің ыңғайына құлай берме.
Мін тағып сала берсең қара күшке,
Беріш боп өкпе - нала қалады іште.

Ақиқат, әділетке ара түсте,
Бәрінде бояй берме қара түске.
Арасын ақ пен қара ажыратып,
Бөлшекте сен сыныңды ала түске.

Сыныңды айт, тек сыпыра жамандама,
Білгішсіп, ділмәрсініп амалдама.
Деңгейің сын айтуға жетпей жатса,
Ой айтқан біреу үшін алаңдама.

Авторы: Мұқтарбек Тұрысбекұлы

Бақытты адам болғың келсе... Бақытты адам болғың келсе...
Бақытты адам болғың келсе, өткенді қопара берме. Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам болмайды. Әрдайым күлімдеп жүрсеңіз, өмір де
Қыс Қыс
Қыс Әй, Қыс, Қыс, Қыс дегенге, Қыса берме бекерге. Келдің бе елді қыспаққа, Шығатындай ұшпаққа. Төпелетіп қарыңды, Төге берме кәріңді.
Өмір жайлы Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Жаным, сен жасымағын Жаным, сен жасымағын
Көбейте берме, жаным, шашың ағын, Жаным, сен жасымағын, жасымағын, Нөсерлетіп, бір сәтте басыламын, Шашылады шұғылам, ашыламын.
Қарағым Қарағым
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме! Ойынға, құр қаларсың, көңiл берме. Оқымай ойын қуған балаларға. Жолама, шақырса да қасына ерме!
Бейбіт Кушкалиев - Уайымдай берме Бейбіт Кушкалиев - Уайымдай берме
Бейбіт Кушкалиев - Уайымдай берме әні
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×