ойын сауық отауы
Алданған сұлу
01.06.2016 2 235 0 Дауыл

Алданған сұлу

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Күні кеше толған ай жүзің еді,
Сиқырлы қара нәркес көзің еді.
Мап-майда мамық қардай мінсіз денең
Бейне бір бақшадағы үзім еді.
Жел тимей, кірсіз тұрған кезің еді,
Жандыға жақсы дәру сөзің еді.
Басып кеткен пайғамбар іздеріндей,
Қадірлі аяқ басқан ізің еді.
Ал бүгін ол көріктің бәрі де жоқ,
Ақмарал, аяғыңа дәл тиген оқ.
Өкіндің, жастық, мастық ісің өтті,
Аһ ұрдың, сыртың - жалын, ішінде - шоқ.
Тіліне қу түлкінің тез алдандың,
Ойламай таңдағаны, тез құп алдың.
Тап-таза ат, көркем көрік - бәрі кетіп,
Өміріңше құтыла алмас отта қалдың.
Таралды жұрт аузына жаман атың,
«Бұзылған!» дейді енді жақын, жатың,
Ызыңдап ол да, бұл да сол сөзді айтар,
Жас текпей нағып сонда шыдар дәтің.

Жастық шақ - Ғалым Мұтанов Жастық шақ - Ғалым Мұтанов
Бәрі де таза, бәрі де ақ. Оралмайтын ол бір бақ. Үмітімен сәні көп, Тойыменен әні көп. Артта қалды қол бұлғап, Қызуы мол жастық шақ!
Тау ішінде - Сәкен Сейфуллин Тау ішінде - Сәкен Сейфуллин
Мен келем тау ішінде түнделетіп, Аймақты күңірентіп өлеңдетіп, Астымда ақ боз атым сылаң қағып, Жалтақтатып құлақтарын елеңдетіп.
Дәрігер Дәрігер
Маған айтты бір дәрігер: - Таба алмассың бір ауру Ұнамады деп айтқан Мен істеген ем - дәру.
Құр қалыппын Құр қалыппын
Сұлу қыз анадайдан сылаңдайды, Теңімен ойнап - күліп, бұраңдайды. Адамзат бәрі ғашық, бәрі құмар, Аһ ұрып, оны көрмей тұра алмайды
Күз Күз
Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған, Көкорай түсі қашып солып тұрған. Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне, Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған.
Достық һәм көз жасы Достық һәм көз жасы
Достықты мастық туғызад, Шын-шын достар - екі мас. Жүректі мастық өртейді, Төккізіп көзден ыстық, жас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×