ойын сауық отауы
Сағынбаймын ешкімді...
30.11.2019 1 958 0 Admin

Сағынбаймын ешкімді...

Өлеңдер
Сағынбаймын ешкімді...
Таңда атып, талықсыған кеш кірді,
Кешегі өткен естелік те ескірді.
Бəріне де күз келген - ау қарашы,
Ал, маған ше?
(Сағынбаймын ешкімді...)
Сағынбаймын, селқос анау бақтарды,
Ұстап қалсам үгітілер хаттарды.
Жек көретін шығар бəлкім мезгілде...
Жыл санағыш, шекемдегі қатпарды.
Жылайсың ба?
Бұл мықтылық...
Көп күлме.
Екпін қосар жел сыбырлап екпінге.
Жə, көріктім... басқа түссе көрерсің,
Сағынбаймын, - деп алжасып кеттім бе?!
Сонау күндер... тартты жылдам табанын,
Өмір мынау түсіндірер сабағын...
Қос көлеңке... ай сығалап бұл маңда,
Жұлдыз біткен өсектейді қарағым.
Таңды атырып, талықсыған кеш кірді,
Бұл саябақ көрікті етер кескінді.
Байқайсың ба?
Бəріне күз келген - ау,
Ал, мен болсам, сағынбаймын ешкімді...
Ал, мен неге?
Насыр Махамбет

Ешкімді ренжітпе, ешкімге де ренжіме Ешкімді ренжітпе, ешкімге де ренжіме
Баяғыда бір жігіт тағдырына ренжіпті. "Жолым ауыр, оқуға түсе алмадым, әйелім жайсыз боп шықты, кредит алып едім, доллар қымбаттап кетті, нанға май
Жұрт мені қатал дейді Жұрт мені қатал дейді
Жұрт мені қатал дейді найзағайдай мінезі шатырлаған, біреулері айтады ақыл маған: өркөкірек, тәкаппар, менменсіген...
Керегіп жүр жаныма басқа бір ән Керегіп жүр жаныма басқа бір ән
Керегіп жүр жаныма басқа бір ән - қайсарлыққа, өрлікке тастар ұран. Маңыма ылғи біреулер жиналады сезімін - сел, жүрегін жас қарыған.
Неңді сенің аңсаймын, бала шағым? Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?
Неңді сенің аңсаймын, бала шағым? Бұлдыраған айналаң ала сағым. Ала сағым ішінде - болашағың, Болашағың болашақ алашағың.
Кісі мен көлеңке Кісі мен көлеңке
Кісі мен көлеңке Айтайын бір тентектің әңгімесін, Демендер: «Сөз ғып жазған мұның несін?» Есі ауыс көре салып, қуалады
Туылған күнге арналған тілектер Туылған күнге арналған тілектер
Өмір саған жылы сөзін арнасын, Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×