
Ес кірген соң
Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев
Бұртаң-бұртаң,
Жыртаң-жыртаң,
Ой, сезім жоқ көк есек.
Бұқа мойын,
Тұтам бойын
Көрмеген мен - көбелек.
Шіркін жастық,
Ессіз мастық,
He айла бар? Бетім-ау:
Жансыз жанды,
Сол соққанды,
Соны да сүйдім дедім-ау!
Бұртаң-бұртаң,
Жыртаң-жыртаң,
Ой, сезім жоқ көк есек.
Бұқа мойын,
Тұтам бойын
Көрмеген мен - көбелек.
Шіркін жастық,
Ессіз мастық,
He айла бар? Бетім-ау:
Жансыз жанды,
Сол соққанды,
Соны да сүйдім дедім-ау!

Сені сүйдім, Жансерігім,- деп келем, Өміріме көрік берген көктем ең. Қысқы ызғар жауратса да жаныңды, КӨҢІЛІҢДІ СУЫТПАШЫ тек менен.

... Енді, бетім, елді көр еңбек емген, Басында бағы жанып, күнде күлген, Қомданып, қас қырандай қаруланып, Алыста орағытқан жауға төнген.

Сырық мойын, біз мұрын, Шіркін, тұздай көзіңіз. Қыт-қытындай тауықтың Құйылып тұр сөзіңіз.

Достықты мастық туғызад, Шын-шын достар - екі мас. Жүректі мастық өртейді, Төккізіп көзден ыстық, жас.