ойын сауық отауы
Тірі бол
03.05.2016 2 065 0 Дауыл

Тірі бол

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Сүмбіл шашы,
Сылқым жасы,
Отағасы
Кәріге.
Сөкпе, жаным,
Тәтті қаным,
Бітті иман
Бәріңе.
Жаның ұсақ
Қоңызға ұсап,
Құшақ, құшақ
Өсек көп.
Шын жаныңмен,
От қаныңмен,
Иманыңмен
Ісің жоқ.
Қыбыр - қыбыр,
Жыбыр - жыбыр,
Сыбыр - сыбыр
Мінезің.
Шық, бері шық,
Кінәлайсың жұрт,
Heгe жырқ - жырқ
Күлесің?
Кесек - кесек
Артқан өсек
Бір көк есек,
Көнбейсің!..
«Баспын» дейсің
«Жаспын» дейсің,
«Қаспын» дейсің,
«Мен...»дейсің.
Бірін боқтап,
Бірін мақтап,
«Алла хақ...»деп,
Жалпаңдап,
Ел дегенің,
Қам жегенің,
Мен білемін -
Бір атақ...
Жылмаң, жыртаң,
Бұртаң - тыртаң,
Бұртаң - тыртаң,
Сұм өмір...
Соныменен,
Алла - ай, сенен...
Эх, ты дур!..
Мейлі құрысын,
Бәрі ұрсын,
Бүлік болсын,
Ізгі жол...
Мен не дейін?
«Сен» демейін,
«Ол» демейін,
Тірі бол!..

Адамшылық Адамшылық
Кісіге адамшылық неге керек? Адамдық – өзге айуаннан артық демек! Ит талаған төбеттен қалай дейсің, Аямай әл келгенін жұлып жемек.
Көзің нұрсыз дейсің сен Көзің нұрсыз дейсің сен
... Содан бері шыныммен жыламадым, Сүріндім ғой, қойшы оны, құламадым. Көзің нұрсыз дейсің сен өлде әзілің, Әлде бір шыныңмен - ақ сынағаның
Дұшпаның бар ма? Дұшпаның бар ма?
- Дұшпаның бар ма? - дейсің, Қайдан білем... Әйтеуір, жүрген жерім - сайран кілең. Қазақтың қайсы үйіне барсам - дағы, Алдымда - ақ дастарқан, жайған
Аңғал досым - ай Аңғал досым - ай
Аңғал досым - ай, He дейін саған, не дейін. Көрінеді ішің, Ашылса болды көмейің, Жақсы да сені демейін, Жаман да сені демейін, Қасымда жүрші әрқашан
Пушкин Вольтерден Пушкин Вольтерден
Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің, Қыздыратын жасты қайдан ал дейсің? Өмірімнің таңын қосып кешіне, Бер қайтадан өткен күннің һәммесін!
Ес кірген соң Ес кірген соң
Бұртаң-бұртаң, Жыртаң-жыртаң, Ой, сезім жоқ көк есек.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×