ойын сауық отауы
Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың!
05.10.2020 1 186 0 Admin

Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың!

Өлеңдер
Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың!
Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың,
Армандайсың біреудің бау - бақшасын.
Тілегіңді орындаймын деп күнім,
Көбеюде ақ шашым.

Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың,
Еркіме де бұрсаңшы енді ат басын.
Ерке құсым еншімдегі, сені деп,
Көзден жасым ақпасын!

Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың,
Тарс беркітіп алшы жүрек қақпасын.
Сәл нәрсені қатты алып өзіңе,
Қайғы жанға батпасын.

Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың,
Аспанымды, мейлі, бұлттар қаптасын.
Не күн туса басыма, бұл жалғанда,
Болшы дәйім жақтасым.

Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың,
Сен арқылы мені жұрттар мақтасын.
Кесіріңнен кейбіреулер, кербезім,
Удың дәмін татпасын.

Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың,
Ешкім сенен ерсі қылық таппасын.
Арам ойға жетелесең, шоқ басып,
Пәлесінен сақ басым!

Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың,
Өн - бойыңды тек сұлулық қаптасын.
Сұлу көрсең, кете берме елігіп,
Мейлі, жақсын, жақпасын!

Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың,
Намысымды, мейлі, менің таптасын.
Тек өзіңді таптатпаймын деп, күнім,
Шарқ ұруда жас басым.

Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың,
Жаман ойлар қойнауыңда жатпасын.
Жетегіңе еріп, жемтік болудан,
Құдай өзі сақтасын!

Санжар Ғұлама

Көңілім, неге жасисың Көңілім, неге жасисың
Көңілім, неге жасисың? Миым, неге ашисың? Ой түбіне жете алмай, Жүректі тырнап қасисың.
Онегиннің өлердегі сөзі Онегиннің өлердегі сөзі
Жарым жақсы киім киіп, Келді жанға жылы тиіп. Диуана болды бұл көңілім, Басылмай бір құшып, сүйіп.
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да Жарқ етпес қара көңілім не қылса да
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да, Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ, Саған жар менен артық табылса да.
Домбыраға қол соқпа Домбыраға қол соқпа
Домбыраға қол соқпа, Шымырлатып бір - бірлеп. Жүрегім, соқпа, кел тоқта, Жас келер көзге жүр - жүрлеп.
Сап-сап, көңілім, сап көңілім! Сап-сап, көңілім, сап көңілім!
Сап-сап, көңілім, сап көңілім! Саяламай, сай таппай, Не күн туды басыңа Күні-түні жай таппай? Сен жайыңа жүргенмен, Қыз өле ме бай таппай?
Ләззат қайда Ләззат қайда
Бұл жарыққа шыққан соң, Іздейді көңілім күн - түні Қайдасың ләззат, рахат деп, Таппады сал боп еш мұны.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×