ойын сауық отауы
Адастым
31.05.2016 4 525 0 Дауыл

Адастым

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Артымда қазақ қалың ел,
Тақтақ жалғыз қара жол,
Кетіп бара жатыр ем.
Бейнетті, бітпес ұзын жол,
Отсыз, сусыз бетпақ шөл,
Мың мехнатқа батып ем.
Жұбаныш - жол біреу-ақ,
Үмітім алтын айдан да ақ,
Сонымен ойды жоюшы ем...
Далаға өлік жан салып,
Әлсін-әлсін ән салып,
Өлеңдетіп қоюшы ем...
Әлдеқайдан шу шықты,
Қып-қызыл қан-ту шықты,
Жердің жүзін түн басты.
Шегір көзді, сары шаш,
Бәрі тырдай жалаңаш,-
Жан-жағымды жын басты.
Әлденені бөлісіп,
Ыржиысып күлісіп,
Ән жер, мін жер жылт-жылт оқ.
Жел ұлиды, өкіред,
Жындар жалп-жалп секіред...
Қара жолдан сүрлеу жоқ.
Артымда елім бар еді,
Алдымда жолым бар еді,
Ел де жоқ қазір, жол да жоқ...
Табылар жолың, тарылма,
Жылама, жынға жалынба,
Таң атқанша күн де жоқ.

Қыз жолы - Ғалым Мұтанов Қыз жолы - Ғалым Мұтанов
Жасыра алмайтын сезім барын, Білдіреді, әлсін-әлсін қарағаның. Сезімінен сенің, айналдым мен, Сезімге сондай, лайықсың сен.
Қыс Қыс
Жалп - жалп, жалп-жалп жауды қар. Тон киіндік, тоңды мал. Бұрқ - бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар, Боран жоқта тұман бар.
Тұтқын Тұтқын
Абақтыдан құтқарып, Сәулесін күннің көрсетші. Қаракөз жанға қыз салып, Қара жал жүйрік ат берші.
Қойшы бала мен күшік Қойшы бала мен күшік
Бір бағыланды сойғызып, Іргеге жастық қойғызып, Үйіне болыс кеп отыр. Құйрыққа бауырды астарлап,
Түн еді Түн еді
Түн еді. Көкте қаптап бұлт тұрды, Жел жылап, долы дауыл ұлып тұрды. Секіріп сары шаш шайтан, жындар билеп, Әлдекім сылқ - сылқ қана күліп тұрды.
Жарыма Жарыма
От жұтқан туысқанның халін көріп, Күнәсіз судай аққан қанын көріп, Айрылған ар - намыстан қарындастың Көз жасы, қалың қайғы, зарын көріп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×