ойын сауық отауы
Жарыма
01.05.2016 2 129 0 Дауыл

Жарыма

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

От жұтқан туысқанның халін көріп,
Күнәсіз судай аққан қанын көріп,
Айрылған ар - намыстан қарындастың
Көз жасы, қалың қайғы, зарын көріп.
Елжіреп жүрек - бауырым, ішім еріп,
Бейнетке белді буып, қолды беріп,
Ант етіп айнымасқа ес білгеннен,
Байлаулы бауырыма тілеп ерік,-
Жан жарым, ұзақ, қиын түстім жолға,
Алдымда түпсіз дария, cop да, ор да.
Батпақ шөл: сусыз, отсыз, қайнаған құм,
Ысқырған жылан, шаян оң мен солда.
Өткелсіз, қарлы, отты таулар асқар,
Мейірімсіз табан тілер қия тастар...
Кім білед, қуат құрып, арып - талып,
Төгетін күндер болар ыстық жастар.
Сол күнде, алтын сәулем, қолыңды бер,
Жасытпа, жолым бастап, алдымда жүр.
Қара түн қорқынышты қаптағанда,
Жарқырап жұлдызым боп төккейсің, нұр.
Айрылса иманынан көңіл құбыл,
Кейін қайт, жапа шекпей, жазым деп жол.
Жан салып, тура қайтпас жүрек беріп,
Жаңадан жаратып сен Аллам да бол!
Жол алыс, жақын үшін жаннан кештім,
Бауырдың халін көріп бейнет құштым.
Құшақта, сүй, күл, жыла, қайраттандыр,
Жан жарым, ұзақ, ауыр жолға түстім.

Ауру жүрек ақырын соғады жай Ауру жүрек ақырын соғады жай
Ауру жүрек ақырын соғады жай, Шаршап қалған кеудемде тулай алмай. Кейде ыстық қан басып кетеді оны, Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.
Айрылдым сенен, жан сәулем Айрылдым сенен, жан сәулем
Айрылдым сенен, жан сәулем, Көруге енді жоқ үміт. Бірақ соңғы сөздерің Кетпейді естен боп ұмыт.
Әйел Әйел
Қылмыстан жазып Тәңіріге, Қарсы келіп әміріне, Қуылды Адам жұмақтан. «Қайт,- деген,- қара жеріңе,
Сүйгеніме Сүйгеніме
Жандым - күйдім, сені ойлап, дамыл көрмей, Еш жанға сенен басқа көңіл бермей. Сен - бір жақ, жалған - бір жақ, қатар қойып, Сені іздедім, жалғаннан
Көңіл Көңіл
Сұм көңілге разы емен мен, Тез жанад да, тез сөнед. Бір тілегін істесең сен, Оған басқа ой келед.
Адастым Адастым
Артымда қазақ қалың ел, Тақтақ жалғыз қара жол, Кетіп бара жатыр ем.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×