Кең - байтақ қазақ жері
Өлеңдер
Жақсыдан жақсы туар - өнегелі!
Жүзі жылы, ақылды - өңшең керім!
Жымиса жадыратар жаныңызды -
Келеді қарай бергің, көре бергің!
Өнегелі, көргенді адам көрсем,
Қазақ - ау деп қалам мен, маған сенсең.
Жүзі жарқын, ақкөңіл өр қазағым,
Жүре берсін жарқылдап аман - есен!
Кең - байтақ қазақ жері жатыр әні,
Ұлты бар жүзге тарта - тату бәрі!
Кім десеңіз қазақты, таны мені,
Бой түзер маған қарап ұлттың бәрі!
Басымдағы бірлікке таң боп жүрсең,
Басыбайлы тірлікте қам көп, біл сен.
Білгенге имандылық - басты байлық -
Жәннәттің жасыл бағы, біле жүр сен!
Имандылық дегенім - сенім еді,
Іс қылсақ тек Аллаға сеніп едік!
Киелі қасиеттер тұнып тұрған,
Болмысымнан қазақтық сезіледі!
Жатса - тұрса Жаратқан деп жүргесін
Күпірлігің қазақтан безінеді!
Қылып жүрген құлшылық қаза қылмай,
Құлшылығын көрмейтін азабындай,
Жер бетіне жиылған ұлттың бәрі
Болсын деймін мұсылман қазағымдай!
Имандылық тілеймін қолды жайып,
Тәбетті иманға біз аш қылайық.
Ниеті қазағымның ақ болғасын
Жаратқан жақсылығын ашты жайып!
Желтоқсан тәуелсіздік бастамасы!-
Қаралы күн қазақтан қашты - ғайып!
Шаманов Биғали
Жүзі жылы, ақылды - өңшең керім!
Жымиса жадыратар жаныңызды -
Келеді қарай бергің, көре бергің!
Өнегелі, көргенді адам көрсем,
Қазақ - ау деп қалам мен, маған сенсең.
Жүзі жарқын, ақкөңіл өр қазағым,
Жүре берсін жарқылдап аман - есен!
Кең - байтақ қазақ жері жатыр әні,
Ұлты бар жүзге тарта - тату бәрі!
Кім десеңіз қазақты, таны мені,
Бой түзер маған қарап ұлттың бәрі!
Басымдағы бірлікке таң боп жүрсең,
Басыбайлы тірлікте қам көп, біл сен.
Білгенге имандылық - басты байлық -
Жәннәттің жасыл бағы, біле жүр сен!
Имандылық дегенім - сенім еді,
Іс қылсақ тек Аллаға сеніп едік!
Киелі қасиеттер тұнып тұрған,
Болмысымнан қазақтық сезіледі!
Жатса - тұрса Жаратқан деп жүргесін
Күпірлігің қазақтан безінеді!
Қылып жүрген құлшылық қаза қылмай,
Құлшылығын көрмейтін азабындай,
Жер бетіне жиылған ұлттың бәрі
Болсын деймін мұсылман қазағымдай!
Имандылық тілеймін қолды жайып,
Тәбетті иманға біз аш қылайық.
Ниеті қазағымның ақ болғасын
Жаратқан жақсылығын ашты жайып!
Желтоқсан тәуелсіздік бастамасы!-
Қаралы күн қазақтан қашты - ғайып!
Шаманов Биғали
Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері
Дүниедегі нәрселердің бәрі қысылады, мұздайды, қатады – түсі қашып, өлік сияқты жатады. Күн жазыла бастағанда – жаз болады: бәрі жадырайды –
Кешір Алла.
Кешір Алла, алдыңда күнәһармын. Сен болмасаң жанымды, жұбатар кім? Маңдайыма жазшы Аллам өтінемін. Қу басымды сәждеге құлатар күн.
Қыздың ары - ұлттың ары!
Баяғыда Хожай деген бай саудагер болыпты. Бұрыңғылалардың "Ер Қосайдың жолын берсін, Хожай саудагердің саудасын берсін"- дейтін батасында бар. Бұл
Құрбан айт батасы
А, Құдайым оңдасын, Оңдағанның белгісі, Қайырлы етіп басыңа. Бақ - береке орнасын.
Байлық
Байлық - ай, сенің ызаң өтті - ау маған, Не қылдым өшігерлік, жаным, саған? Мені көрсең жирендің, теріс қарап, Әкеңнің менде құны бардан жаман.
Жан жарымды бір сүйейін түсімде
Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай, Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай, Осы күнде алтын сәулем нағып жүр, Қандай күйде, қайда екенін біле алмай.