ойын сауық отауы
Барлығыңның ғұмырың ғажап болсын!
31.01.2021 1 303 0 Admin

Барлығыңның ғұмырың ғажап болсын!

Өлеңдер
Қазақ болса Жалайыр Болсын!
Айналасы түгел ағайын болсын!
Сол ағайын шуағымен арайын көрсін!

Қазақ болса Сары үйсін болсын!
Сөйлер сөзге қыйсының болсын!
Үйсіндердей Қайрат болсын!

Қазақ болса Албан болсын!
Алты Алашқа арман болсын!
Азаматтарың жер тарпыған тарлан болсын!
Рухы хан тәңірдей заңғар болсын!

Қазақ болса Ысты болсын!
Ала таудай күшті болсын!
Қонаевтай жүрегі түкті болсын!

Қазақ болса Қаңлы болсын!
Ханның алдында да арлы болсын!
Айтқан сөзі нәрлі болсын!
Мәртебесі мәңгі болсын!

Қазақ болса Шапырашты болсын!
Нұр ағамыздай жан - жақты болсын!
Алты құрлықпен қатынасты болсын!

Қазақ болса Шанышқылы болсын!
Жігіттеріміз намыстылы болсын!

Қазақ болса Сіргелі болсын!
Бүткіл жұртымыз ілгері болсын!

Қазақ болса Ошақты болсын!
Жауынгерлеріміз жасақты болсын!
Ошақтылардай атақты болсын!

Қазақ болса Суан болсын!
Шыңға біткен шынар болсын!
Сол биікке бүткіл Қазақ құмар болсын!

Қазақ болса Дулат болсын!
Айналасы Жұмақ болсын!
Балаларымыз бір - бір жанған шырақ болсын!

Бәйдібектің қара шаңырағына Құдай қуат берсін!
Қазақпын дегендер Ұлы жүздің бәрі болсын!

Қазақ болса Орта Жүзден Арғын болсын!
Ақыл білімге алғыр болсын!
Салған жолы даңғыл болсын!

Қазақ болса Қыпшақ болсын!
Мықтымын дегендер жағасынан ұстап көрсін!

Қазақ болса Найман болсын!
Қанатын кеңге жайған болсын!
Жарты әлемді жаулап жатқан,
Наймандардай қайдан болсын!

Қазақ болса Керей болсын!
Қолтығымыздан демей берсін!
Шыңғыс ханның өзін шырылдатқан,
Тұғырылхандай мерей болсын!

Қазақ болса Қоңырат болсын!
Барған жері бір - бір шаңырақ болсын!
Шыңғыс ханның нағашыларын жамандаған,
Екі дүниеде қаңырап қалсын!

Қазақ болса Уақ болсын!
Уақтардай жүздеріңде шуақ болсын!
Бойларыңда қуат болсын!

Қазақ болса Кіші жүзден Алшын болсын!
Қолыңда күміс қамшың болсын!

Қазақ болса Әлім болсын!
Әлімдердей алты алашқа мәлім болсын!
Шырқап салар әнің болсын!

Қазақ болса Табын болсын!
Жүрегінде жалын болсын!
Басыңда бағың, қолыңда әлің болсын!

Қазақ болса Тама болсын!
Тамалардай ерекше дара болсын!
Тама болу үшін шамаң болсын!

Қазақ болса Жағалбайлы болсын!
Ойлағаны қатын емес заман жайлы болсын!

Қазақ болса Шекті болсын!
Қыздарың Қызжібектей текті болсын!

Қазақ болса Беріш болсын!
Жүрген жері өріс болсын!
Барған жері жеміс болсын!
Көргеніміз жеңіс болсын!

Қазақ болса Жаппас болсын!
Жаппастардай бiрлiгi жарасқан отбасы болсын!
Жаратқан өзі соған жақтас болсын!

Қазақ болса Адай болсын!
Адайлардай абай болсын!
Адайлардай батыр жанды болсын!

Қазақпын дегендер кiшi жүздің бәрі болсын!

Қазақ болса төре болсын!
Жауына атылар жебе болсын!
Төрелердей бұзылмайтын кеме болсын!

Қазақ болса Қожа болсын!
Ниетімiз ақ, көңіліміз таза болсын!
Қожадан бiр бажа болсын!

Барлығыңның ғұмырың ғажап болсын!!!

Жас келгенде жаныңда жарың болсын Жас келгенде жаныңда жарың болсын
Жас келгенде жаныңда жарың болсын, Аурудан аулағырақ жаның болсын. Қолғабыс беріп тұрар керек кезде, Ақылды ұрпағыңның бары болсын.
Көшке берілген бата Көшке берілген бата
Көштерің көлікті болсын, Жолдарың көрікті болсын, Қоныстарың құтты болсын, Босағасы мықты болсын.
Сейіт Кенжеахметұлының батасы Сейіт Кенжеахметұлының батасы
Айналайын, аттасым, Талантың судай қаптасын, Атағың Абайдай болсын, Абыройың Абылайдай болсын,
Ғабит Мүсіреповтің батасы Ғабит Мүсіреповтің батасы
Балаңның басы үлкен болса, Милы болсын - жақын елдерге сыйлы болсын.
Дәркембай ұстаның батасы Дәркембай ұстаның батасы
Ғажап талант берсін! Ғаламат талап берсін! Кеңдігің жеріңдей болсын! Мейірімің еліңдей болсын!
Жас балаға бата Жас балаға бата
Балаларға бақ қонсын, Періштелер жақ болсын! Кілең бестік сыйлансын, Имандылыққа илансын!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×