ойын сауық отауы
Наурыз!
03.04.2021 2 641 0 Admin

Наурыз!

Өлеңдер
Наурыз!

"Ұзын сары" түстеніп "Үт" кіреді,
"Үт" кірсе ел аралап Құт жүреді.
"Ғайып ерен қырық шілтен" Қыдыр шалса,
Қалауынша қабыл болар жұрт тілегі.

Ырысы мол, Ұлысы оң, шешімі нық,
Мейірімнің мерейі өсіріліп,
Кешіріліп кінә, өкпе Жер жадырар,
Ардай ақ бәйшешегін төсіне іліп.

Алау таң арай нұрын шашып қалып,
Қар жармасар шың құзға қашып барып.
Жылға, бұлақ шапқылап шаттанады,
Шалқиды өзен, көлдер тасып - лағып.

"Алтын күрек"- береке берешегі,
Ғарыштан ғажап жылы жел еседі.
Иығын теңестіре тең отырып,
Күн мен Түн келешекті кеңеседі.

Көкейде сәруәр сезім шамын жағып,
Жайнатар жанның жауһар бағын барып.
Кесір мен кесапатты көмескілеп,
Көрсетер Ұят, Иман, Арыңды анық.

Жоғалып қаскөй, қорқау, сараң тіптен,
Абызға айналады Адам біткен.
Алқалы жұрт айқара құшақ жайып,
Адамдық көріседі Адалдықпен.

Қызуындай тамырға тарар қанның,
Қызыл Нұрдан тасы еріп Самарханның,
Жылы ағыннан жан жүйесі еміреніп,
Жүрегіне гүл шығар тәмәм жанның.

Үкілеген Үмітті үлестіріп,
Қиқулап көктен құстың үні естіліп,
Наурыздың Науша көші келді міне,
Құт, Ынтымақ, Ырысты ілестіріп.

Жүзі нұр, жаны жібек, назы мақта,
Пенделер періште боп азыраққа,
Күпірлік шүкірлікке ауысқан сәт,
Жаратқан! осы күйден ажыратпа....

Жанатбек Тұрғынбаев

Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің
Наурыз Наурыз
Өлкеме Наурыз келді, көктем келді, Құлпырып гүлге орап көк пен жерді. Халқымның салт - дәстүлерін аялаған, Арманы асқақтады көптен бергі.
Бекентайдың батасы Бекентайдың батасы
Әуелі Құдайым оңдасын, Оң жолына бастасын. Ғайып Ерен Қырық шілтен Қолдаушың боп қорғасын.
Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба? Тұманбай Молдағалиев Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба? Тұманбай
Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба, Қатығыңды түндегі шайқадың ба. Құлшынасың толқындар алып қашып, Құлаш ұрған баладай қайта ағынға.
Наурыз Наурыз
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын, Үйіміз шат күлкіге, әнге толсын, Жылына бір рет келер бұл мереке Әкелсін дастарханға құт - береке!
Наурыз парасаты Наурыз парасаты
Айналаңнан жаңа көктем лебі ескен, Бұл кезеңде күн менен түн теңескен. Сан ғасырлық ата - баба салтына Көпір болған Наурыз өзің емес пе ең?!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×