ойын сауық отауы
Наурыз
17.03.2025 10 142 0 Дауыл

Наурыз

Өлеңдер
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын,
Үйіміз шат күлкіге, әнге толсын,
Жылына бір рет келер бұл мереке
Әкелсін дастарханға құт - береке!

Бұл күні теңеледі күн менен түн
Құлаққа естіледі жағымды үн
Әкелсін тек қуаныш Наурызымыз
Бас аман, болсын бүтін бауырымыз!

Бұл күні қырғын - шайқас тоқтатылған
Бір - біріне жақсы тілек айтылған
Бұған дәлел Фирдоусидің «Шахнамасы»
Жоқ оған ешкімнің де таласы

Қанға сіңген қонақжайлық қасиет
Кісі келсе «Қырықтың бірі – Қыдыр» - деп
Дастархан жайып, жарқын жүзбенен
Күткен екен шын көңілмен, ақ ниет.

Сары майын қарынға салып баптаған,
Жал - жаясын түтінге салып қақтаған
«Ұзын Сары келгенде жейміз ғой» - деп
Бар тәттісін кейін қойып, сақтаған.

«Наурыз көже» маңдайларын жібіткен,
Даладай дархан, көңілдері неткен кең!
Бұл күннің қасиетті саналуы,
Самарқанның көк тасын да еріткен.

Қыдыр ата Наурыз түні аралайды даланы
Бесіктегі жылаған, тербетеді баланы
Кездейсоқта көзі түскен адамдарға
Дарытып дәулет, басына бақ қондырады.

Уақыт ғана бізге әділ таразы
Таусылмасын бұл өмірдің базары
Түссін бізге Қыдыр ата назары
Қазағымның жұлдызы әлі жанады.

Жақсылықтың жаршысы – Қыдыр ата,
Беріңіз бар қазаққа мықты бата.
Заманымыз тыныш болып, Қазақстан,
Жеңістерге жете берсін, әрбір таң!

Көктемді қанатына ілестірген
Пейілін Адамзаттың кеңіттірген
Тойлары дөңгеленген дүниенің,
Ұзағынан болсын деп, сүйінемін!

Ұстаз: Гульнар Хабаева

Наурыз мерекесіне арналған бата Наурыз мерекесіне арналған бата
Бісміллә деп бастайын, Жаратқанға жастайын. Наурыз келді, нұр келді, Ақ пейілмен қол жайып,
22 Наурыз мерекесіне арналған құттықтау 22 Наурыз мерекесіне арналған құттықтау
Баршаңызды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Табиғаттың жаңарып, жердің түлеп, көктемнің келуімен бірге, халқымыздың
Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің
2025 жылы қасиетті рамазан айы 1 наурызда басталады 2025 жылы қасиетті рамазан айы 1 наурызда
Ораза 2025 жылы 1 наурыз, яғни сенбіі күні басталады. Қасиетті Рамазан айы 2025 жылы 1-29 наурыз аралығында болады.
Ұлыс күніне арналған халық өлеңдері Ұлыс күніне арналған халық өлеңдері
Қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күні қарсы алады. Сол күні даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек. Сондықтан осы күнді асыға
Наурызға арналған бата - тілектер Наурызға арналған бата - тілектер
Наурызға арналған бата - тілектер Ұлыс күні қазан толcа, Ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, Сонда әрқашан жол болар.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×