ойын сауық отауы
Ескі үй
26.08.2021 2 569 0 Admin

Ескі үй

Өлеңдер

Ескі үй

Еске түссе ауылдағы ескі үйің,
Сағыныштан тыным таппас еш миың.
Ал қалаға зәулім сарай соқсаң да,
Оның құны салыстырсаң бес тиын.


Бала шағың өткен сонау үйіңде,
Жүрген кезің аңғал-саңғал күйіңде.
Сол бір үйде өсіп-өндік таласып,
Үлкендерге сыймай қалған киімге.


Сол бір үйде болды шіркін қандай бақ,
Өмір сүрдік еш алаңсыз жан жайнап.
Анамызды сыйлағаннан үй жинап,
Әкемізден қорыққаннан мал жайлап.


Сол бір үйде - бақыт таптық, бапталдық,
Сол бір үйде - күліп-ойнап, шаттандық.
Сол бір үйде оқуға да бет түзеп,
Сол бір үйде әскерге де аттандық.


Сол бір үйде - тіршілікке үйрендік,
Сол бір үйде - той жасадық, үйлендік.
Сол бір үйде - көршілермен сыйласып,
Сыйласудың не екендігін игердік.


Сол бір үйде - қалды тәтті сәттерің,
Сол бір үйде - қалды шіркін, әттеңің.
Бір бұрышта сыймай қалған етігің,
Бір бұрышта басталмаған дәптерің.


Сол бір үйді аңсап тұрар қайран жан,
Алпыс екі тамырымыз байланған.
Әр бөлмесі біздер үшін бір тарих,
Қайта келмес сағынышқа айналған.


Туған үйің!!!


Інішегіме - Сәкен Сейфуллин Інішегіме - Сәкен Сейфуллин
Ойынды қой, оқы інішегім, алға бас! Жарқыратып ақ нұрменен көңіліңді аш. Балалыққа жас миыңды алдатпа, Ғылым үйрен, нұрға толсын кеудең жас.
Үй – баласымен базарлы, қонағымен ажарлы Үй – баласымен базарлы, қонағымен ажарлы
Үйде бір күн ұрыс болса, қырық күндік ырыс кетеді.
Пима Пима
Байқамақшы болдым да, Сияр, я симасын, Атам үйде жоғында Киіп едім пимасын.
Гүл Гүл
Үйде тұрып өсетін Әкеп гүлдің көшетін, Топырақты салдым да, Отырғыздым қалбырға.
Құмдағы лашық Құмдағы лашық
Құмдағы атам заманғы Саздан соққан бір лашық Тозған, іші қараңғы, Қабырғасын құм басып.
Разаққа Разаққа
Мына үйде отыр Разақ, Елдің жөнін айтар ма, Шақырып алып сұрасақ. Үлкен қожа ортан қол,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×