ойын сауық отауы
Жауап хаттан
03.06.2016 2 649 0 Дауыл

Жауап хаттан

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

Аманбыз, жезде,
Солай ма сізде?
Амандаспақ — жол, әдет.

Тағзымға — тағзым,
Назымға — назым
Тілеушілік — ол әдеп.

Жолдан мен де шықпаймын,
Сөзбен сыйлап мықтаймын.

Жолға сіз көсем,
Сөзге һәм шешен,
Оның менде бірі жоқ!

Іздемей жоғын,
Шайқамай тоғын,
Қарап жатқан тірі жоқ.

Мен де соның бірімін,
Өлгенім жоқ, тірімін.

Ағаның ақыл,
Айтқаны мақұл,
Жаны ашыған жақындық.

Мен жазған кеңес,
Мақтаныш емес,
Ат шығармақ ақындық.

Ер батқанда — жорғалық,
Молда жоқта — молдалық!

Байқасақ, жезде,
Бауыздар кезде,
Үн шығу бар емес пе!

Үндемей өлсек,
Сүйекпен көмсек,
Кейінгілер демес те?!

Лақ құрлы бақырмай,
Өлген екен, апырым - ай!

Милләтке қызмет,
Бәріңе міндет.
Деп айтасыз өзіңіз.

Милләттен безу,
Әйтпесе төзу,
Шын болса сол сөзіңіз.

Кей іс шарты құрбанмен.
Болмас қорқып тұрғанмен.

Мен бұқтым — жаттым,
Сен бұқтың — жаттың,
Кім істемек қызмет?!

Ауызбен айтып,
Істерге қайтіп,
Жоламасақ не міндет.

Тек жүрсе, тоқ жүрмекті,
Қиын дей ме білмекті.
Жездеке, солай,
Кермессіз қолай
Жан сақтаудың ебіне.

Айтпайтын жыр бар,
Ашпайтын сыр бар
Тымақтының көбіне.

Сізге жаздым ұғар деп,
Тымағы жоқ шығар деп.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт. Аға - іні туралы мақал – мәтелдер Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт. Аға -
Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт.
Секілді өмір қысқа, жарты тұтам Секілді өмір қысқа, жарты тұтам
Секілді өмір қысқа, жарты тұтам, Надандар деп ойлап жүр өмірді ұтам. Аз өмірді ақындық жолға бердім, Лепес қып түкірген соң молда Мұқан.
Қыз қуу Қыз қуу
Елең болмай жайлауда жаз аптабы, қызып кетті бойымда қазақ қаны: - Ертте, жезде, ең жүйрік сәйгүлікті - басталуға "Қыз қуу" аз - ақ қалды!
Бейіс, дозақ молда айтқан сияқты емес Бейіс, дозақ молда айтқан сияқты емес
Бейiс, дозақ молда айтқан сияқты емес, Ақылды адам оны анық сондай демес. Құрсақтағы балаға осы өмiрдi Ұқтыр десе, айтар ең қандай кеңес?
И. Б. жездем хатынан И. Б. жездем хатынан
Тұрмысың жырақ, Аман ба, шырақ! Күйзеліпсің көбірек, Милләт үшін бегірек.
Достыма хат Достыма хат
Қырағы, қия жазбас сұңқарым - ай! Қажымас қашық жолға тұлпарым - ай! Үйілген өлексені өрге сүйреп, Шығармақ қыр басына іңкәрің - ай!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×