ойын сауық отауы
Достыма хат
03.06.2016 12 419 0 Дауыл

Достыма хат

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

Қырағы, қия жазбас сұңқарым - ай!
Қажымас қашық жолға тұлпарым - ай!
Үйілген өлексені өрге сүйреп,
Шығармақ қыр басына іңкәрің - ай!

Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр,
Түнерген төбемізден бұлт арылмай.
Көк етті, көн терілі, көніп қалған,
Сықса да шыдай беру, жұрт жарылмай.

Кім біліп, ер еңбегін сезіп жатыр,
Кім шыдап, жолдастыққа төзіп жатыр?
Сасық ми, салқын жүрек санасыздар
Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр.

Сынайтын жақсы менен жаманды өлшеп,
Құлдықтың қолдарында көзі жатыр.
Кешегі кеңшілікте керек қылған
Бостандық болмаған соң, безіп жатыр.

Айтқанмен таусыла ма оны - мұны,
Талайдың таңдамалы түпкі сыры:
Жанасқан шын көңілмен жақындық аз -
Көбінің іші салқын, сырты - ақ жылы.

Ақшаға абыройын, арын сатып,
Азған жұрт, адамшылық қалмай сыны.
Жаны ашып, жақын үшін қайғырар ма
Жаны мал, жақыны мал, малдың құлы?!
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Шәкірт - Міржақып Дулатов Шәкірт - Міржақып Дулатов
Ай жарық, салқын ауа, күзгі түнде, Ұйықтаған үлкен шаһар жатыр күйде. Жалғыз - ақ тырыс шәкірт кітап ұстап, Есінеп ояу отыр пәтер үйде.
Неғып жатыр? Неғып жатыр?
Түрленіп мынау заман ағып жатыр. Жай өтпей һәркімге сын тағып жатыр, Жайынан замананың хабардар ма? Осы біздің қазақтар неғып жатыр
Жатыр Жатыр
Басқа жұрт аспан - көкке асып жатыр, Кілтін өнер - білім ашып жатыр. Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп, Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.
Қартайған арыстан Қартайған арыстан
Қартайып, Арыстанның әлі кетті, Айбынды жұрт қорқатын сәні кетті. Бетіне жан келмейтін уақыттар Артына бір қарамай, бәрі кетті.
Екі бөшке Екі бөшке
Көшеде екі Бөшке келе жатты, Бірі бос, екеуінің бірі зат - ты. Ішінде заты бары жай аяңдап, Салдырлап келе жатыр босы қатты.
Тілек батам Тілек батам
Я, Құдайым аққа жақ, Өзіңе аян: мен нақақ. Аққа деген жолымның Абыройын ашпай, жап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×