ойын сауық отауы
Қазақтың бала жұбату өлеңі
06.06.2016 2 844 0 Дауыл

Қазақтың бала жұбату өлеңі

Өлеңдер
Ахмет Байтұрсынов

Қайран еркін
Замандарың,
Тарлыққа жоқ
Амалдарың.
Еркін дала,
Еркің қайда?
Еркіңдегі
Көркің қайда?
Нулы, нулы
Жерің қайда?
Сулы, сулы
Көлің қайда?
Еркін көшкен
Елің қайда?
Ел қорғаны
Ерің қайда?
Тура айтатын
Биің қайда?
Би бардағы
Күйің қайда?
Адал көңіл
Ақтық қайда?
Жалған анттан
Сақтық қайда?
Бауыр тартқан
Жүрек қайда?
Намыс қызған
Сүйек қайда?
Нулы жерден
Көшті айырды,
Сулы көлден
Сұсты айырды.
Ер орнына
Еркек қалды,
Көлеңкеден
Үркек қалды.
Би орнына
Биің болды.
Би деу бірақ
Қиын болды.
Қаралды би
Жақтау болды.
Қараны жан
Ақтау болды.
Бауыр, жүрек
Талас боп тұр.
Намыс, сүйек
Қалаш боп тұр.
Малың алдау,
Талауда тұр.
Жаның арбау,
Қамауда тұр.
Аяғыңды
Тұсау қысты.
Жақтарыңды
Құрсау қысты.
Көрмесіңе
Пердең мықты.
Өтпесіңе
Кермең мықты.
Енді жатып,
Ұйықтау қалды.
Ұйықтағанды
Мақтау қалды.
«Әлди, әлди!» -
Деп тербеткен,
Ұйықтасын деп
Көп тербеткен.
Қарның ашса,
Ұлықтарың
Жілік шағып,
Май бермекші.
Тоңсаң, түлкі
Құйрықтарын
Жіпке тағып,
Бай бермекші.
«Әлди, әлди!» -
Мен де деймін.
Сірә, «әлдиге»
Сенбе деймін.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны

Жетімнің өлеңі - Спандияр Көбеев Жетімнің өлеңі - Спандияр Көбеев
Жетімнің күні құрсын жастай қалған, Әкесін шешесімен құдай алған. Күтетін өз баласындай жақын қайда? Деген сөз осы емес пе дүние жалған.
Елегізу. Тұманбай Молдағалиев Елегізу. Тұманбай Молдағалиев
Ұйқым қайда, құдай - ау, ұйқым қайда, Сыртта біреу жылай ма, сылқылдай ма, Көк теректер неліктен шулай қалды, Берілемін неліктен бір түрлі ойға.
Әжесінің әні Әжесінің әні
Айым менің қайда екен - достарымен тойда екен! Тойда болса, отырысын - қолына жүзік толтырсын!
Шаттық қайда, ән қайда аласұрған Шаттық қайда, ән қайда аласұрған
Шаттық қайда, ән қайда аласұрған? Түндер қайда ұйқыны таң асырған? Байланғандай тіл - аузым тұншығамын шалға тиген байғұстай шарасыздан.
Көлің қайда, туған елім? Көлің қайда, туған елім?
Көлің қайда, туған елім? Шабақ болам титтей. Белің қайда, туған елім? Ойнақтайтын киіктей.
Жұбату Жұбату
Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем. Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін. Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×