ойын сауық отауы
Мен енді қайтемін?
07.09.2022 616 0 Admin

Мен енді қайтемін?

Өлеңдер
Мен енді қайтемін?
Айт, емін!
Жалыны жоқ күндерді
Сабырыммен сынап ап,
Мінезіммен өртеймін.
Ертеңім?
Көркем үн келер ме қайтадан?
Мен қалай жай табам?
Тек бізге арналған ортақ ән
Ол әнге басқамен
Қалайша жол табам?
Жол тарам...
- Бітті ме?
Білмеймін.
Жаңбырдан соңғы шыққан күндей,
- Жайсыздау ыстық па?
Күнгейдің
Күйдіріп аптабы,
Селдір тартып, сарғая қалды,
Сенсіз әлемнің бақтары.
Күл, мейлің!
Бір қызар, бір бозар,
Өмір соған назар салып жатпады.
...Мәні кетіп, жоғалуда
Сен жолдаған махаббаттың хаттары.
-  Қалай болды?
Бар ма екен бір ақпары?
- Қимас шақтың толқынында тербеліп,
Көңілсіздік қапқаны.
- Қалай екен жағдайы?
- Сырқаттанды деп естіп ап,
Менің жолым емес, бірақ,
Сұрау сендік хал-жайды.
Енді, қазір хабарласу -
Маған, әсте болмайды.
...Иәә, болаады,
Бірақ, сезімдердің қамалын
Ортақ қылып, теңдей етіп салады.
Бір жүректен бір
Немесе екі қабырға
Қалай қамал болады?
Төзімім таусылып барады.
Болды.
Енді, нүктені қоятын уақыт та жетті.
Ех, махаббат қамалы...
Маған орындалмайтын арман ба ең?
Тынымсыз ойлармен,
Осындай хал-дәрмен.
Ал, сен ше?
Сен мені қолдар ма ең?
Жүрілген жолдармен,
Көз таныс жандармен,
Бейтаныс есікке бара жатырмын,
Мені сүйетін де, сүймейтін де жандармен...
Жол - көрген,
Бұл - дәурен,
Әәй, әурем...

Авторы: Тамаша Қойшыбайтегі Омарқызы

Менің соңғы хатым... Менің соңғы хатым...
Сені сағынудан шаршадым Бұдан былай хат жазбаймын Уәде беремін мына менің соңғы хатым
Ана хаттары - Шөмішбай Сариев Ана хаттары - Шөмішбай Сариев
Қарамай арманы мол екеніне: «Бір көрінбей бұл, сірә, өтеді ме?» – Деп, ана, Хат жолдайсың сағынышпен!
Өмірдің мәні неде? Өмірдің мәні неде?
Бағзы заманда бір кісі өмірдің мақсатын білмекке ізденіпті. Әрі ойлайды, бері ойлайды бірақ санасын торлаған сауалға жауап таба алмайды.
Сүйген қызыңа немесе жан жарыңа арналған хаттар. Сүйген қызыңа немесе жан жарыңа арналған хаттар.
Сәлем, қымбаттым! Сен бұл хатты, мүмкін, ешқашан оқымайтын шығарсың...
Көктем де келер Көктем де келер
Көп кешікпей көктем де келер енді, Көгеретін тіршілік көгереді. Қу бұтағы арса - арса кәрі еменге, Келер көктем, білмеймін, не береді?
Күн ауысып барады Күн ауысып барады
Күн ауысып барады түнге қарай, Шығыста - кеш, Батысқа - кірген арай. Күн шыққан жерден әркез түн келеді, Маған солай, білмеймін, кімге қалай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×