ойын сауық отауы
Зар
01.05.2016 1 830 0 Дауыл

Зар

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Күз жетіп, жердің жүзі солғын тартса,
Алтын күн нұры кеміп, салқын артса,
Жер жүзі өлім күтіп тұрса жылап
Сексенде селкілдеген байғұс қартша.
Қатты қыс кірейін деп есік ашса,
Қызыл гүл қорыққаннан түсі қашса,
Әл кетіп, бұлғақтаған бұтақтарда
Жапырақ: «Ал өлдік!»- деп сыбырласа,-
Қайғырман, сірә, осы қыс жетті екен деп,
Есіл жаз бір күндей боп өтті екен деп,
Артына қатты суық, қайғы тастап,
Жолымен «Барсакелмес» кетті екен деп.
Қыс егер, мезгілімен жаз да болар,
Қар еріп, ойпаң жерлер саз да болар.
Теңіздей толқындаған шалқар көлде
Түрлі құс: үйрек, аққу, қаз да болар.
Алтын күн алтын сәуле жерге шашар,
Жан кіріп, жан - жануар қыбырласар.
Күркіреп қара бұлт аспан - көкте,
Жасаған кең рақметтің кілтін ашар.
Сөзім жоқ дәл осылай болуында,
Бар қайғы, қалың дертім менің мұнда:
Көңілдің баяғыдай мінезі жоқ,
Соғады жүрек зорға, келші, тыңда.
Жоғалды, батты, кетті сәулем - Күнім,
Жайнаған жүз құлпырып қызыл гүлім.
Сәулесіз, Айсыз, Күнсіз қараңғыда
Өтермін аһ ұрумен шықпай үнім.
Жалғанның бір көрермін көп пен азын,
Өмірімде енді болмас жылы жазым.
Енді бір өлгенім де, жүргенім де,
Қолымнан ұшқаннан соң қоңыр қазым.

Жаз келді Жаз келді
Күн жылынып, қар да еріп дүрілдеп, Сай - саладан сулар ағып, күрілдеп, Ой мен қырда басқызбайды сар балшық. Әлем - тапырық жердің беті іріңдеп.
Бояулар туралы Бояулар туралы
Бояуы бір ақша бұлт пен ақ қардың, Көк аспан мен шалқар көлдің түсі бір. Сен де өзіңше талай ойды ақтардың - Мықты болсаң дәл осыны түсіндір.
Өмір Өмір
Мана көкті қаптап еді қара бұлт, Күн күркіреп қорқытып, ұшырып құт: Көк тұнжырап мұңайып, қабақ жауып, Көз ашқанда аспанда жарқылдап от.
Шын сорлы Шын сорлы
Күн суық, қатты аяз, шыдар емес, Қар борап соққан желмен қылып егес. Кедейлер үсіп - тоңып, дір қалтырар, Жылы үйде байлар жатар, уайым жемес.
Жан жарымды бір сүйейін түсімде Жан жарымды бір сүйейін түсімде
Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай, Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай, Осы күнде алтын сәулем нағып жүр, Қандай күйде, қайда екенін біле алмай.
Тілегім Тілегім
Қайғылы қыс қар, боранмен қорқытып, Жанға рақат жайнаған жаз бітпесе, Сылаңдаған алтын күнім тез өтіп, Қайғы-мұңмен жас төгер шақ жетпесе.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×