ойын сауық отауы
Р... альбомына
02.05.2016 1 799 0 Дауыл

Р... альбомына

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Себеп не екен? Бастан мені таптыңыз,
Альбомыңызды алдыма әкеп тарттыңыз.
Мен даярмын, рақмет сізге, қарындас,
Ағаңызға көңілді бір іс арттыңыз.
Ай аппақ қой, Сізге көңілім Айдай ақ,
Сізге деген жүректе жоқ жалғыз тап.
Адал ниет, ақ көңілімді бетке ұстап,
Ақылсымақ сөз айтайын азырақ.
Альбом - жүрек, уақыт жетпей ашпаңыз,
Құлып салып, берік бекітіп тастаңыз.
«Ашылам!»- деп аласұрар жас жүрек,
Белгілі іс, бірақ одан саспаңыз.
Альбом - жүрек, тыныштықты қашырар,
Уақыты жетсе, өзі - ақ бір күн ашылар.
Жүрек сыры белгілі ғой, біраздан
Желі тынып, толқындары басылар.
Альбом - жүрек. Көрінгенге бермеңіз,
Дос па, қас па? Бастан байқап тергеңіз.
Дос орнына қас кіргізіп жүрекке,
Бір күндерде өкініште жүрмеңіз.
Альбом - жүрек, жақын достар қолға алар,
Таза жүрек оны оқып толғанар.
«Мен жазайын, мен оқиын!»- деп алып,
Надан жандар кетпес қара тап салар.
Альбом - жүрек, жақсы сақтай көріңіз,
Таза жүрек меруерттен теріңіз.
Ескерісіп жүру үшін өмірде,
Қане, құрбым, қолыңызды беріңіз!

Жүрек тазалығы Жүрек тазалығы
Жаралған жүрек таза, әуел бастан Сақтанып таза ұста бала жастан. Ноқаттай жүрегіңе кіршік түссе, Ойыңа ол ұлғайып кірер тастан.
Жүрек Жүрек
Шашыңа ақтың енгені, Қарттықтың хабар бергені. Көзіңнің нұры тайғаны, Таусылып көзмай талғаны.
Қадалып, іштей тамсана Қадалып, іштей тамсана
Қадалып, іштей тамсана, қайтесіз мені ұялтып. Өртенсеңіз де қаншама, мен үшін құрмет - сый артық.
Лүпілдей соқты жас жүрек Лүпілдей соқты жас жүрек
Лүпілдей соқты жас жүрек, еркелеп назбен қарадым. "Поезда - ақ хатты жазшы?!" - деп, елжірей қалды жанарың.
Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас
Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас, Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас. Жүректен қызу - қызба кете қалса, Өзге тәннен еш қызық іс табылмас.
Алла деген сөз жеңіл Алла деген сөз жеңіл
Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол емес.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×