ойын сауық отауы
Лүпілдей соқты жас жүрек
01.02.2016 1 845 0 Дауыл

Лүпілдей соқты жас жүрек

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Лүпілдей соқты жас жүрек,
еркелеп назбен қарадым.
"Поезда - ақ хатты жазшы?!" - деп,
елжірей қалды жанарың.
Сезімтал жүрек, жас жаным -
бәрі де сен деп талпынды.
Білдірер аяқ басқаның
абыржып тұрған қалпыңды.
Сөз таппай, үнсіз тұрмын кеп,
теңіздей жүрек толқыды.
Ышқынды гудок жүр - жүрлеп,
мұңая қарап ол тұрды.
Сөйткенше қолдар бұлғанды,
мөлдіреп көздер соңғы рет.
Айтылмай талай сыр қалды,
қимастық сезім толды кеп...

Айнам қалды Айнам қалды
Өтеді - ау қай кезде де арманда қыз, Бүгін біз сол дәстүрді жалғаудамыз. Болмаса дүниеде сұлу қыздар Кейінге айтылатын қалмайды аңыз.
Қателескен екенмін. Бір - ақ рет Қателескен екенмін. Бір - ақ рет
Қателескен екенмін. Бір - ақ рет. Өкініштен өртен де жыла, жүрек. Әр қадамды мысықша аңдамаппын, айыптаңдар, қайтемін, кінәлі деп.
Қоштасарда Қоштасарда
Қоштасу кезі келгенде жаутаңдап маған қарадың. "Жүрмейсің бірге сен неге?" Дегендей болды жанарың.
Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас
Жүрек — теңіз, қызықтың бәрі — асыл тас, Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас. Жүректен қызу - қызба кете қалса, Өзге тәннен еш қызық іс табылмас.
Үнсіздік Үнсіздік
Бәрі де үнсіз. Үнсіз аспан, үнсіз жер, Үнсіз орман, үнсіз таулар, үнсіз көл. Мен де үнсізбін, дәрменім жоқ күрсінер.
Орамал Орамал
Қасірет батты жаныма, Уға толды жас жүрек. Орамалды жарыма Бітірем қашан кестелеп...
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×