ойын сауық отауы
Сорлы қазақ
02.05.2016 2 898 0 Дауыл

Сорлы қазақ

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Сорлы қазақ жан алқымға тығылып,
Қара күн кеп, тіккен туы жығылып,
Алға баспай, біткен ісі кер кетіп,
Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп;
Оқу - білім жақындатпай, жолатпай,
Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай,
Пыр - пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр,
Қанды жаспен екі көзін шылатпай.
Қозғал, қазақ, білімге жүгір, кез келді,
Қылышын алып, «надандық» саған көздеді.
Шетке лақтыр, тұмақтай алып, тұра кеп,
Ертеңді - кеш басыңа мініп өзгеңді!
Кітап әпер, оқысын балаң, қолына,
Малды аяма оқу - білім жолына.
Өнер алып, басқалармен қатар бол,
Жер жүзі бір адамзаттың ұлына!
Байғұс қазақ бас көтеріп, тұрар ма?
Көңілі түсіп, білім мойнын бұрар ма?
Күні туып оң жағынан, солдан - Ай,
Оқуменен жайнатып дүкен құрар ма?

Білім, ғылым туралы мақал - мәтелдер Білім, ғылым туралы мақал - мәтелдер
Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Қарашаш Қарашаш
Институтта жүр оқып Қазақ қызы Қарашаш. Оқы, оқы, қарындас, Туған елге білім шаш.
Қорға, қазақ тіліңді Қорға, қазақ тіліңді
Қорға қазақ тілге туды сын сағат, Тарихынан алмаса оңар кім сабақ. Мемлекеттік мәртебесі бар тілің, Шетке үнемі қағылуда күн санап.
Қазағым Қазағым
Қазағым, таянды ғой қылта мойын, Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын. Қарашы өзіңе өзің көз жүгіртіп, Жараспас бұдан былай күлкі - ойын.
Жатыр Жатыр
Басқа жұрт аспан - көкке асып жатыр, Кілтін өнер - білім ашып жатыр. Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп, Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.
Тәңірі Тәңірі
Зор Тәңірі, күштісің сен, сенеміз біз, Әділ деп, әр ісіңе көнеміз біз. Өз құлын өзі еңіретпес тура Ие деп, Өзіңе ерік тізгінін береміз біз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×