ойын сауық отауы
Жатыр
01.05.2016 4 408 1 Дауыл

Жатыр

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Басқа жұрт аспан - көкке асып жатыр,
Кілтін өнер - білім ашып жатыр.
Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп,
Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.
Таласып өнер - білім алып жатыр,
Күнбе-күн алға қарай барып жатыр.
От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп,
Тәңірінің рахметіне қанып жатыр.
Ойламай біздің қазақ текке жатыр,
Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр.
Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң,
Қазекең таң қаларлық көпте жатыр.
Байларың мыңды айдаған шалқып жатыр,
Бар малын болыстыққа сарқып жатыр.
Барымта, ұрыс - керіс, кісі өлтіріс -
Ішінде сорлы қазақ қалқып жатыр.
Кең жері күннен - күнге құрып жатыр,
Сұр жылан бар қан - сөлін сорып жатыр.
Астана, жұрт билеген адамдарды
Тәңірі күннен күнге ұрып жатыр.
Біреулер оқып төре болып жатыр,
Шен алып, бақыт құсы қонып жатыр.
Ұмытып өзін - өзі бұл сабазың,
Жұртына қарсы таяқ соғып жатыр.
Шәкірттер медреседе шіріп жатыр,
Қайдағы ескі нұсқа көріп жатыр.
Оқыған, дін іздеген байғұс шәкірт
Жемтікші құзғын болып кіріп жатыр.
Әйелдер мал орнына жүріп жатыр,
Жас қызын малға, шалға беріп жатыр.
«Бес байтал - әйел құны» деген бір сөз
Қармаққа талай жасты іліп жатыр.
Дау - жанжал ел арасы толып жатыр,
Өзара талас - тартыс болып жатыр.
Кешегі шешек жарған қазақ гүлі
Сарғайып, бір су тимей солып жатыр.
Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр,
Күннен күн артқа қарай кетіп жатыр.
Сезінбей өз өлгенін, өзінікін
Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр!

Құстар қайтып барады Құстар қайтып барады
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып, Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып. Зымырайды менің бала кезімдей, Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.
Неғып жатыр? Неғып жатыр?
Түрленіп мынау заман ағып жатыр. Жай өтпей һәркімге сын тағып жатыр, Жайынан замананың хабардар ма? Осы біздің қазақтар неғып жатыр
Қырқа бар Қырқа бар
Қырқа бар Алматының шығысында, Жатыр сонда жақының, туысың да. Бұл ғаламды місе етпес қайран жүрек, Қайтіп жатыр аядай қуысында?!
Тұнжыраған ояу бақ Тұнжыраған ояу бақ
Жапырақтар түсіп жатыр, Түсіп жатыр... Неліктен?! Айрылып бара жатыр ағаш біткен көріктен. Көргенсіз де, Жүгенсіз де, Күздің бұзық бораны,
Бұлқынып жатыр Бұлқынып жатыр
Бұлқынып жатыр. Келмейді - ау құрғыр шамасы, Бұлқынып жатыр. Таусылды - ау айла - шарасы. Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай, Бостандық берші,
Қазағым Қазағым
Қазағым, таянды ғой қылта мойын, Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын. Қарашы өзіңе өзің көз жүгіртіп, Жараспас бұдан былай күлкі - ойын.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Мағжан Айдарқұлов
#1 Мағжан Айдарқұлов Қонақ 24 наурыз 2020 21:12
Шіркін алі сол қасірет Қазақтың басында. Атамыздың жан айқайын алі еститін Қазақ аз
×