ойын сауық отауы
Екі бетің, сұлу қыз
03.05.2016 2 451 0 Дауыл

Екі бетің, сұлу қыз

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

(Гейнеден)
Екі бетің, сұлу қыз,
Розадай ойнап, жанып тұр.
Жас жүрегің бірақ мұз,
Жүрегімді қарып тұр.
Мұның бәрі өзгерер,
Көрерсің әлі - ақ, сұлу қыз,
Жүрегіңе жаз келер,
Екі бетте орнар қыс.

Сүйген – сұлу Сүйген – сұлу
Сенің көзің көк те емес, қара да емес - қой көзді деп атайды мұндайларды. Ол көздердің оты да ғажап емес, бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Құр қалыппын Құр қалыппын
Сұлу қыз анадайдан сылаңдайды, Теңімен ойнап - күліп, бұраңдайды. Адамзат бәрі ғашық, бәрі құмар, Аһ ұрып, оны көрмей тұра алмайды
Сұр құлын Сұр құлын
Жазды күні сұр құлын Сұлу еді сүліктей. Құрық көрсе, құлдырап, Жатушы еді еліктей.
Сүйгенім анық Сүйгенім анық
Көрдім де келдім, Қолымды бердім: «Сүйем сені, сұлу қыз. Жүрегім жанып, Сүюім анық,
Сен сұлу Сен сұлу
Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу, Жарқ - жарқ еткен майда найзағай сұлу. Қызықты орман, көңiлдi еркiн кең дала, Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу.
Еңбек - өлім жан қанатын қиятын Еңбек - өлім жан қанатын қиятын
Еңбек - өлім жан қанатын қиятын, Еңбек - өлім жанды ашудан тыятын. Еңбек деген - еңбектеген мылқау дию, Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×