ойын сауық отауы
Еңбек - өлім жан қанатын қиятын
02.06.2016 2 338 0 Дауыл

Еңбек - өлім жан қанатын қиятын

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Еңбек - өлім жан қанатын қиятын,
Еңбек - өлім жанды ашудан тыятын.
Еңбек деген - еңбектеген мылқау дию,
Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
Ерді, еңбек, от жүректі жерлейді,
Жанға аспанға өрлеуге ерік бермейді.
Еңбек езіп, соқыр қоңызға айналып,
Сорлы адамзат көкте күнді көрмейді.
Еңбек - қарғыс, адамға ашу Алладан,
Адамзатқа - «еңбек қыл» деп қарғаған.
Мәңгі байрам жұмағынан айрылып,
Адам баста «дүние» деп зарлаған.
Өткен заман - малғұн еңбек билеген,
Адамзаттың ой - қиялын илеген.
Сол еңбектен қарын тойып қампиған,
«Тәңірің - мен...»,- деп жерге, көрге сүйреген.
Мәңгі байрам, көктегі жұмақ ұмытылған,
«Забур», «Тәурат», «Інжіл», «Құран» жыртылған.
Идеал үлкен, Айса, Мұса - келемеж,
Жалғыз ғана қарын қалған қампиған...
Құлдық сіңген адамзаттың бойына,
Мәңгі байрам келмейді оның ойына.
«Жаса, еңбек!» деп жазып алған туына,
Даярлаған азаттықтың тойына.
Еңбек осы ой - қиялды байлайтын,
Еңбек осы қартқа қол caп айдайтын.
Сүйреп жүріп лағнаттың қамытын,
Заман қайда мәңгі байрамды ойлайтын?!
Адамзаттың тәні түгіл, жаны құл,
Адамзаттың ой - иманы, ары құл.
Азған адам қолын ұрмақ құлдыққа,
Адамзаттың бәрі - еңбекшіл, бәрі құл.
Келер ме күн еңбек малғұн өлетін,
Ит қарынды қорылдатып көметін,
Қиялдың ақ қанатына қонып ап,
Мәңгі байрам дүниесіне кіретін?
Келсе сол күн, мен Күн болып күлер ем,
Келсе сол күн, жүйрік желдей жүрер ем...
Келсе сол күн, о, дариға, жұртыма
Судай сұлу жырлар жырлап берер ем.

1 «Тәуратты» Мұса пайғамбар, «Забурды» Дәуіт пайғамбар, «Інжілді» Иса пайғамбар, «Құранды» Мұхаммед пайғамбар жазған (М. Жұмабаев ескертпесі).

Түбінде баянды еңбек егін салған Түбінде баянды еңбек егін салған
Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған. Би болған, болыс болған өнер емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Еңбек шартында сынақ мерзімі белгіленбеген. Еңбек шартында сынақ мерзімі белгіленбеген.
Еңбек заңнамасына сәйкес сынақ мерзімін белгілеу міндетті түрде еңбек шартымен айқындалуы тиіс. Еңбек шартында сынақ мерзімі белгіленбеген жағдайда
Қызметкердің өз еркімен жұмыстан шығуы Қызметкердің өз еркімен жұмыстан шығуы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (ары қарай - Кодекс) 57 - бабына сәйкес, қызметкер жұмыс берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте
Еңбек пен кәсіп туралы мақал мәтелдер Еңбек пен кәсіп туралы мақал мәтелдер
Еңбек түбі – береке, Көптің түбі – мереке.
Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қатынастар еңбек шартымен қарастырылған болса Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы
Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қатынастар еңбек шартымен қарастырылған болса, мекемедегі ішкі еңбек тәртібі Ережесі не үшін қажет?
Тиісті еңбек демалысы үшін қаржылай өтемақы алуға рұқсат етіледі ма? Тиісті еңбек демалысы үшін қаржылай өтемақы алуға
Тиісті еңбек демалысы үшін қаржылай өтемақы алуға рұқсат етіледі ма? Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 109 - бабы 3 - тармағына сәйкес
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×