ойын сауық отауы
Орман патшасы
03.05.2016 2 395 0 Дауыл

Орман патшасы

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

(Гетеден)
Қараңғы салқын түнде кім
Аяңдамай, желеді?
Жанында жас ұлы бар,
Жолаушы жортып келеді.
Әкесіне дірілдеп
Тығылды бір уақ нәресте.
Құшақтап қысып баласын
Жылытады қарт әке.
«Heгe қорқып тығылдың,
Айтшы, көзім қарасы?»
«Көз алдымда жарқ етті,
Жан ата, орман патшасы.
Сақалы оның қоп - қою,
Қара тәж киген Қарахан!»
«Жоқ, жаным, су үстінде
Тұман ғой ол ағарған!»
«Мойныңды бұр, балақай,
Маған қара, нәресте.
He тілесең, менде бар
Сансыз қызық көп нәсте!
Хош иіске толтырар
Феруза гүлдер маңайын.
Бұлақтарым - меруерт,
Саф алтыннан сарайым!»-
«Жан ата, орман патшасы
Сөйлеседі менімен,
Меруерт, маржан қуаныш,
Береді алтын кенімен!»
«Жаным, жаңылыс естіпсің,
(Берген патша ол неткен?!)
Жел ғой ол жаңа оянып,
Жапырақты тербеткен».
«Келші маған, нәрестем,
Тоғайымның ішінде
Сұлуларым көрерсің,
Көрмеген ондай түсінде.
Ай жарықта сұлулар
Тоқтаусыз ойнар да ұшар.
Тылсымды ойын, бал шумен,
Сәулем, сені ұйықтатар!»-
«Жан ата, орман патшасы
Шақырды қара қастарын!
Арасынан бұтақтар
Шұлғиды қыздар бастарын!»
«Қорықпа, балам, қараңғы
Түнде жоқ еш қорқыныш.
Ол - ақ шашты ағаштар,
Жай ғана тұр ғой тып - тыныш!»
«Жараланды жүрегім,
Ғашықпын, бала, көркіңе.
Енді маған келерсің!
Қоймаспын, сірә, еркіңе!»-
«Жан ата, орман патшасы
Қуып бізге жетті ғой.
Келіп қалды мінекей,
Қысылдым, демім бітті ғой!»
Жолаушы енді қысылып,
Шаппайды, ұшып келеді.
Қайғырады нәресте,
Нәресте жылай береді.
Құйындатып жолаушы,
Үйіне ұшып келіпті.
Бірақ оның қолында
Нәресте жолда өліпті.

Орман Орман
Орман Орман міні, Мұның да үні Кейде жұмсақ, кейде шу.
Сарғайып келген егін толқынданса Сарғайып келген егін толқынданса
Сарғайып келген егін толқынданса, Жас орман, жел күңірентіп, әнге салса, Жапырақтың жасыл ләззатты саясында Бақшада мойыл қаймақ жасырынса.
Қоңыр жыр Қоңыр жыр
Тізілген толқын - меруерт, Толғанып оқы, тербетер. Күңірентер оймен кім білед Тізілген - толқын меруерт.
Сүйгеніме Сүйгеніме
Жандым - күйдім, сені ойлап, дамыл көрмей, Еш жанға сенен басқа көңіл бермей. Сен - бір жақ, жалған - бір жақ, қатар қойып, Сені іздедім, жалғаннан
Сүй жан сәулем Сүй жан сәулем
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да! Жылы, тәтті у тарады қаныма. Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін, Патша тағы, бүкіл дүние малына.
Сен сұлу Сен сұлу
Бiлем анық: жанға жайлы Май сұлу, Жарқ - жарқ еткен майда найзағай сұлу. Қызықты орман, көңiлдi еркiн кең дала, Күмiс табақ көкте жүзген Ай сұлу.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×