ойын сауық отауы
Сарғайып келген егін толқынданса
03.05.2016 1 651 0 Дауыл

Сарғайып келген егін толқынданса

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

(Лермонтовтан)
Сарғайып келген егін толқынданса,
Жас орман, жел күңірентіп, әнге салса,
Жапырақтың жасыл ләззатты саясында
Бақшада мойыл қаймақ жасырынса.
Себілген алмас шықпен шын хош иіс,
Сары алтын - ерте, яки қырмызы кеш.
Бір топтың қолтығынан күліп қана
Бас иіп есендесер күміс ландыш.
Секіріп салқын бұлақ ойнап сайда,
Батырып көмескі түс, тұманды ойға,
Шапқылап шыққан жерін әңгіме ғып,
Былдырлап ақ бетінен сүйгізсе Айға,-
Сол уақыт жай табады асау жаным,
Сол уақыт жадырайды қас - қабағым.
Шын бақты тапқандай боп осы жерде - ақ,
Көремін көк жүзінде Жасағаным...

Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер
Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер Ексең егін ішерсің тегін Арпа егіп, бидай орамын деме. Бақпаса мал өспейді, Баптамаса егін өспейді.
Махаббат – ғашықтық пернесі Махаббат – ғашықтық пернесі
Өзіңсің – басыма құт, қосыма құт, Өзіңсің – жасыл уақыт, асыл уақыт, Сапарда жүргенімде сарғайып мен, Сағынып күте берсең, осы – Бақыт!
Арабтан Арабтан
Қаһармен қарғып, шапшып, ақырып ұмтылған, Арыстанға қарсы шапқан ерлерің - Барқылдаған бір төбеттен қаймығып, Қалайша іздер таса, сая жерлерін?!
Сылдырмақ Сылдырмақ
Бүлдірген беті бөбектің Қолында отыр сылдырмақ. Өзі сақ - сақ күледі Сылдырмақтай сылдырлап.
Жоғалған алтын Жоғалған алтын
Апалап, қуанбастан, жылаған күн, Жүрем деп қаз - қаз тұрып, құлаған күн. Еркелеп, құр былдырлап, өтірік жылап, Алдына апам байғұстың сұлаған күн.
Жазғытұры Жазғытұры
Су ақты, жетті апрель, қырдан ойға, Секіріп арық-тұрақ кетті тойға. Жас бала: «Жазғытұры туды»,- десіп, Жабағы, көтерем тай, ақсақ қой да,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×