ойын сауық отауы
Абысындар
04.05.2016 4 157 0 Дауыл

Абысындар

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Бірінің жары өлген де,
Бірінің жары хабарсыз.
Сұрапыл басқа төнгенде,
Кетіпті қара қағазсыз.
(Ажалға берген шығыны)
Бір аяқ, бір қол жоғалған.
Кеудеде тірі шыбыны,
Бірінің жары оралған.
Жалғанда тірлік, тұрмысың
Бірінің жары дін аман.
Көргенде жесір құрбысын,
Жесірден бетер жылаған.
Бірінің сыры біріне
Белгілі, бәрі тым қанық.
Өткізген жастық күніне,
Күніне қайтар бір барып.
Сырларын бүгіп ішіне,
Сыр мінез, тату абысын,
Сездірмей тірі кісіге,
Сақтап жүр әйел намысын...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Еркек үйдің егесі, Əйел үйдің шегесі. Еркек үйдің егесі, Əйел үйдің шегесі.
Әркiмнiң мiнген аты өзіне тұлпар, Алған жары өзіне сұңқар.
Әке Әке
Әке, сенің жасыңнан асып барам. Кезі - кезі келгенде тасып та алам, Кезі - кезі келгенде жасып қалам, Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң.
Тірі адамдар өлмесін Тірі адамдар өлмесін
Өлім, өлім, өлім деп, Неғыламыз күрсініп. Өлген адам көмілмек, Тірі адамға - тіршілік.
Сәлемдеме Сәлемдеме
Менен сәлем айтқайсың сұрағанға, Сұрағайсың, үй - іші дін аман ба. Өмір кешіп жатыр де ол да өзінше, Тірлік керек, әрине, тірі адамға.
Сен әлі тірі ме едің? Сен әлі тірі ме едің?
О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Көзімнен ғайып болған күнім едің, Гүлім едің... Елтіген түнім едің, О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!?
Несіне өмір сүргенсің Несіне өмір сүргенсің
«Сұраушының сүйген асын кім берер» Барға - ырза, Жоққа - сабыр, күн көрер. Өкінемін, өшігемін несіне, Тірі жүрсем, маған кезек бір келер.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×