ойын сауық отауы
Арулар
04.05.2016 5 814 0 Дауыл

Арулар

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Арулар - асыл жандар!
Шуақ боп шашылғандар,
Қуат боп тасынғандар,
Құшақ боп ашылғандар,
Арулар - асыл жандар!
Арулар - асыл жарлар!
Арулар - әрбір үйдің шаңырағы,
Әрбір үйге от болып жағылады.
Әрбір үйде таң болып атты - дағы,
Әрбір үйге сәуле боп жамырады.
Жимайды - ау бір шашылған шуақтарын,
Саясына келеді - ау, шуақтағың.
Жамандыққа қиярсың қалай ғана,
Жайнаған бір - бір үйдің шырақтарын.
Арулар - асыл жарлар, сағыныштар,
Өтініштер, құшақтар, жалыныштар...
Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,
Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.
Арулар - аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар - тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Волгалы ауыл Волгалы ауыл
Баршылықтың арқасы ғой тегінде, Бір - бір «Волга» әрбір үйдің түбінде. Атқа деген құмарлығы халқымның Машинаға көшсе керек бүгінде.
Сұлулықтың сыры Сұлулықтың сыры
Сұлулық сыры Ернім әдемі болсын деген арулар тек жылы сөздер айтуы керек.
Жалған дүние Жалған дүние
Қоғалы көлдер, құм, сулар Кімдерге қоныс болмаған? Саздауға біткен құба тал Кімдерге сайғақ болмаған?
Қойлы ауылда Қойлы ауылда
Жел тұрып күзгі салқын таза ауадан. Түңлігін киіз үйдің мазалаған. Әкесі қой күзетіп, мылтық атса, Жас сәби үйде жатып мәз - ау оған.
Аякөз - ару Аякөз - ару
Аякөз, сірә, аядай бұлаң көзі емес, Аяулы, сірә, қыз болар. Ақиқат бағып, анықтап жатар кез емес, Белгісіз, досым, белгісіз түр ғой бізге олар.
Azaliya - Өзіңмен бірге Azaliya - Өзіңмен бірге
Azaliya Өзіңмен бірге
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×