ойын сауық отауы
Волгалы ауыл
04.09.2018 1 214 0 Дауыл

Волгалы ауыл

Өлеңдер
Өлеңдер. Қадыр Мырзалиев
«ВОЛГАЛЫ» АУЫЛ

Баршылықтың арқасы ғой тегінде,
Бір - бір «Волга» әрбір үйдің түбінде.
Атқа деген құмарлығы халқымның
Машинаға көшсе керек бүгінде.
Татпағандай тірліктің түк азабын,
Танымастай өзгеріпті қазағың.
«Волгаңыздың» құлағында ойнайтын
Шеттерінен шофер және ғажабы!
Әке түгіл, ызғытқанда баласы,
Зымыранға міндім бе деп қаласың.
Мұны көрсе,
Алыстағы ГАИ - дың
Адамдары ұстар еді жағасын!
Бар өмірі өткен аттың жалында
Бұған тәнті болып апты шалың да.
Шұғыл - шуыл бұрылыста
Өзінің,
Адастырып кетеді екен шаңын да!
Олардың сәл отырды ма қасында,
Есін тез - ақ жиып алар масың да!
Бір қарасаң,
Ортекеге орнатқан
Ескерткіштей
Тұрады тау басында!
Қараймын деп мен соларға өрдегі,
Үрейден бе,
Талай рет терледім.
Естімедім бірақ құлап өлгенді,
Қирап жатқан машина да көрмедім.
Оларды мен диюыңа теңесем,
Осал дей бер ол теңеуді он есе.
Істеместі істейді екен «Волгамен»,
Көкпар тартып,
Қыз қумады демесең.
Баршылықтың арқасы ғой тегінде,
Бір - бір «Волга» әрбір үйдің түбінде.
Атқа деген құмарлығы халықтың
Машинаға көшсе керек бүгінде!
Қадыр Мырза Әли өлеңдерін қарау

Өлең - өнер пернесі Өлең - өнер пернесі
Сыпырылсын жалған күлкі, маскалар! Семсер ажал масканы емес, Басты алар! Ертең мынау көк теректер түбінде Біз болмаймыз, Табысады басқалар.
Көкпар Көкпар
Көк дөненді ерттеді, Жарап тұрған елеңдеп. Мені өзімен ертпеді: «Көкпар тартып келем», - деп.
Қираған құлпытастар Қираған құлпытастар
Кімді аяйды есіргендер, Қызғаңдар?! - Қасиетті ұғымдарды сызғандар? Бәрін, бәрін, Барлығын да бұзады Бақилардың тыныштығын бұзғандар!
Дүріл мен діріл Дүріл мен діріл
Көктің де өзіне Пайданың көзімен Қараймыз бүгінде. Гүл деген құнсыз бақ,
Арулар Арулар
Арулар - асыл жандар! Шуақ боп шашылғандар, Қуат боп тасынғандар, Құшақ боп ашылғандар, Арулар - асыл жандар!
Жадовскаядан Жадовскаядан
Мінсіз таза меруерт Су түбінде жатады. Мінсіз таза асыл сөз Ой түбінде жатады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×