ойын сауық отауы
Бір келіншек
04.05.2016 2 449 0 Дауыл

Бір келіншек

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Емханада бар еді бір келіншек,
Емделуге, асқа да бір келуші ек.
Ерлі - зайып адамдар деп қалатын,
Ертелі - кеш екеуміз бірге жүрсек.
Көлеңкесіз көңілді жатқа бұрмай,
Сөйлестік асып - тасып ақтарылмай.
Әсерлі қарапайым әңгімеміз,
Жазысқан ғашықтардың хаттарындай.
Сырластық адам жайлы, заман жайлы,
Өмір жайлы, жақсы мен жаман жайлы.
Жасырамыз біріміз - бірімізден,
Әңгімеміз әріге бара алмайды.
... Иесі келіп бір күн алып кетті,
Байқаймын, бір келіншек налып кетті.
Сауығып қалғандай ем саясында,
Сыр кетті, сырмен бірге жарық кетті.
Айықтыра қоймады бекер үміт,
Жазылатын жайым жоқ жеке жүріп.
Төрт бүктеліп төсекте жатып қалдым,
Қаным менің қайтадан көтеріліп.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өтініш Өтініш
Ескі көздер бара жатыр азайып, (Олар жайлы ойламаудың өзі айып). Ей, тірілер! Соларды бір еске алып, Тебіренейік, толғанайық, жазайық!
Өмір жайлы Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Әке сөзі Әке сөзі
Бұл дүние не боп кетті? He боп кетті? Ой! Балам!.. Қызығым - ау, бұзығым - ау, Отқа түсіп, ойнаған.
Қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз!
Ақын жайлы айтады қызықты аңыз, Бірақ сен қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз! Рас - ақ, біздер - патша!
Таң алдында Таң алдында
Айдың да кеткісі жоқ көк бетінен, Табандап жатып апты етпетінен. Күн түнге таңнан хабар айтып еді, Жұлдыздар үркіп кетті бет - бетімен.
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, Бұдан артық рахат табылмайды. Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір, Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×