
Таң алдында
Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев
Айдың да кеткісі жоқ көк бетінен,
Табандап жатып апты етпетінен.
Күн түнге таңнан хабар айтып еді,
Жұлдыздар үркіп кетті бет - бетімен.
Асылып - ақ Шолпанға түн құшағы,
Қалуға таңмен бірге тырмысады.
Жердегі емес, көктегі ғұмырлар да
Қалайды - ау, сірә, бәрі Күнге ұсауды...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Айдың да кеткісі жоқ көк бетінен,
Табандап жатып апты етпетінен.
Күн түнге таңнан хабар айтып еді,
Жұлдыздар үркіп кетті бет - бетімен.
Асылып - ақ Шолпанға түн құшағы,
Қалуға таңмен бірге тырмысады.
Жердегі емес, көктегі ғұмырлар да
Қалайды - ау, сірә, бәрі Күнге ұсауды...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Шолпанға Шолпапым - жырым, ақ балам, Балапаным, баща оран! Автор Мәскеуде, Күз, қарда мынау, Өзіңдей қыздар да жүр - ау.

Күн ауысып барады түнге қарай, Шығыста - кеш, Батысқа - кірген арай. Күн шыққан жерден әркез түн келеді, Маған солай, білмеймін, кімге қалай.

Сексенде селкілдеген Ахметті, Ажал келіп, ақыры бақыл етті. Бұйырғаны қартыңа бұл өмірден - Айналасы алты кез ақырет - ті.

Жұлдыздар сөніп барады Айналып келді батқан күн, Жығылды түннің жалауы. Алауын бақпай ақ таңның,

Емханада бар еді бір келіншек, Емделуге, асқа да бір келуші ек. Ерлі - зайып адамдар деп қалатын, Ертелі - кеш екеуміз бірге жүрсек.

Аякөз, сірә, аядай бұлаң көзі емес, Аяулы, сірә, қыз болар. Ақиқат бағып, анықтап жатар кез емес, Белгісіз, досым, белгісіз түр ғой бізге олар.