ойын сауық отауы
Болашақтың елшісімін
07.05.2016 2 057 0 Дауыл

Болашақтың елшісімін

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Бұл өмірге келгеннен соң,
Елшісіндей шет елдің,
Миссиямды аяқтамай,
қалай ғана кетермін,
Халық деген патшама,
Немен жауап етермін!
Дәнекер боп жүргенімде,
Арасында екі елдің,
Мәміленің нәзік жібін
Үзіп алсам не етермін?!
Неде болса, нар тәуекел,
Нар тәуекел, көтердім!
Сағат сайын өзгеретін,
Мәміледен қатыбас,
Аулақ болам, жоламаймын,
айтқаныма татымас.
Дос елменен, достарға ұқсап,
Жасап бағам қатынас.
Түлкі кұйрық саясаттың,
Алтыны үшін, наны үшін,
Қасиетті достықтың, мен
Таптамаймын намысын.
Болашақтың елшісімін,
дипломат емеспін,
Мен баратын мемлекеттер,
Мені солай танысын.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Болады деп арманда Болады деп арманда
- Ал енді мен ақыл айтам, Ақыл айтам, таңданба. Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге, Жалғанға. Мына өмірде, жүрегіңде, Бойыңда ыстық қан барда.
Әке Әке
Әке, сенің жасыңнан асып барам. Кезі - кезі келгенде тасып та алам, Кезі - кезі келгенде жасып қалам, Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң.
Қазынам бар Қазынам бар
Қазынам бар. Біреуге берсем бе екен?! Өкпелейді - ау бермесем, Берсем, бөтен.
Шаршадым білем Шаршадым білем
Шаршадым білем, Жантая кеткім келеді. Миыңды жеген, құрысын бүйткен өлеңі! Күйзеліп тапқан көңілімдегі көрікті ой, Аузымнан түссе адыра қала береді.
Жұмбақ Жұмбақ
Келісетін мемлекеттер елшісіне ұсаған, Қабақ бағып, қыл үстінде біз отырмыз - үш адам. Үшеу ара жоқтан бар қып, бір әңгіме бастаймыз, Бастаймыз да,
Елім барда Елім барда
He сыйлайды, не береді келер күн?! Неде болса тірі тұрсам көрермін. Желідегі құлынымын мен елдің, Көгендегі қозысымын мен елдің.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×