ойын сауық отауы
Дейтін еді қарт ақын
07.05.2016 1 965 0 Дауыл

Дейтін еді қарт ақын

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

«Қырғи жолдас бола алмайды кептермен,
Себебі ол кептер етін жеп көрген.
Қой қоралас бола алмайды қасқырмен,
Қасқырдан ол көресіні көп көрген.
Көбелектер бірге ұшпайды кептермен,
Кептерлер де көбелекті жек көрген.
Мьісықтармен ойнамайды тышқандар,
Ойнаймын деп омақасып текке өлген.
Тіршілікте тамақты кім жек көрген.
Қу тіршілік соныменен шектелген.
Қыбыр тауып, торғай жұтқан жыланды,
Ебін тауып, құмырсқалар бөктерген» -
Дейтін еді,
Дейтін еді қарт ақын,
(Өзгелерге кінәні көп артатын)
Оңашада шарап ішіп екеуміз,
Өзі менен шылым сұрап тартатын.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өмір дейтін Өмір дейтін
Өмір дейтін тайғанақ мұз - айдында, Жырлап кетем, алдымен жылаймын да. Сөредегі кермені кесіп өтсем, Маған әлі жетпейді құдайдың да.
Қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз!
Ақын жайлы айтады қызықты аңыз, Бірақ сен қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз! Рас - ақ, біздер - патша!
Тоқта, ботам Тоқта, ботам
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда! Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға. Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын Айырбастап ала алмай жүр алтынға.
Майданның бәйгесіне Майданның бәйгесіне
Қарасаздың су ішіп бұлағынан, Жүретұғын құлпырып құла құнан. Қылығы да, жұп - жұмыр мүсіні де, Аумайтұғын киіктің лағынан
Күміс жалды күн дейтін көлікпенен Күміс жалды күн дейтін көлікпенен
Күміс жалды күн дейтін көлікпенен, Көріп келем өмірді, көріп келем. Қуатым бар жанымда сеніп келем, Даңғазаға даурығып, желікгіеген.
Ақынды ақын оятпаса, болмайды Ақынды ақын оятпаса, болмайды
Ақынды ақын оятпаса, болмайды, Ақынды ақын таяқтаса, ол - қайғы. Ақынды ақын сүйемесе, болмайды, Ақынды ақын күйелесе, ол - қайғы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×