ойын сауық отауы
Ей, Бауырым!
07.05.2016 3 050 0 Дауыл

Ей, Бауырым!

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Ей, Бауырым!
Heгe сонша сарғайдың?
Қапалансам, менің - дағы бар қайғым.
Мен жұртыма мұңымды емес,
Жырымды,
Қуанышым - шаттығымды арнаймын,
Қайғы - мұңы неге керек бір бастың,
Елім барда, есеңгіреп тұрмаспын.
Күндер маған көлеңкесін түсірсе,
Халқыма кеп, сырымды айтып, мұңдастым.
Қайтер дейсің қара бастың толғағы,
Өтер - кетер,
Шаруа ғой қолдағы.
Абдырасаң, арқа тірер айбының,
Асқар тауың күрсінбесе болғаны.
Ей, Бауырым!
Heгe сонша мұңайдың?
Мен мұңайсам, сенен бетер жылаймын.
Көп ойланып, аз күрсінген халқыма,
Қараймын да,
Қайраттанам, шыдаймын.
Ерікті елміз, бүлінбеген қорғаны,
Бәрімізге белгілі ғой ол жағы.
Қайтер дейсің қара бастың толғағы,
Тек жұртымыз күрсінбесе болғаны.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қасыңда жүрсем Қасыңда жүрсем
Қасыңда жүрсем, Қадірім саған жоқ екен. Қасыңнан кетсем, Адамның нағыз қоры екем.
Тілектеске Тілектеске
Ей, бауырым! Көтерсеңші, көтерсеңші басыңды. Алатаудың асқарына күннің нұры шашылды. Қыз - тіршілік, міне тағы мойыныңа асылды, Асылды да саусағымен
Нені аңсаймын Нені аңсаймын
Нені аңсаймын?.. Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын, Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің,
Көрмеймін... Көрмеймін...
- Көрмеймін! - дейсің, Көрмесең, мейлің, көрмегін! Көретін көктен тәңірім емес сен менің. Көрмедің, мейлің, Көңлінді маған бөлмегін,
Көлің қайда, туған елім? Көлің қайда, туған елім?
Көлің қайда, туған елім? Шабақ болам титтей. Белің қайда, туған елім? Ойнақтайтын киіктей.
Жағымпаздар мен... Жағымпаздар мен...
Жарамсақ бұлақ барып құйды құмға, Құм оған бұлғаған жоқ құйрығын да. Рас қой «Су аяғы - құрдым» деген, Құм қайтсін жарамсақтың сыйлығын да.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×