ойын сауық отауы
Ей, өмір
07.05.2016 66 103 0 Дауыл

Ей, өмір

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Ей, өмір
Дүниенің ағын да, қарасын да,
Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.
Қарасымен шамаң жоқ таласуға,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Жер мен көктің желпініп арасында,
Желігесің, түсесің қара суға.
Құйын қуған қаңбақтай аласұра,
Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Мен отырмын теңіздің жағасында,
Бересім де жоқ оған, аласым да.
Мені тастап, толқындар, ағасың ба?
Толқынданып, өмірім, барасың ба?
Шаң шығарып ізінен құйындаған,
Барасың ба, өмірім, қиындаған?
Сыйын маған,
Ей, өмір, сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Аягөз, қайда барасың? - Дулат Бабатайұлы Аягөз, қайда барасың? - Дулат Бабатайұлы
Тауды екіге жарасың, Тастың қашап арасын. Кесіп өтіп кезеңді, Аягөз қайда барасың?..
Сырғаңнан сылдыраған үн келеді Сырғаңнан сылдыраған үн келеді
Жүректі тербетеді ағын жүріп, Барасың бір өзіңе табындырып. Жүрсең де көз алдымда ырғатылып, Шөлдетіп барасың - ау, сағым қылып.
Ленский сөзінен Ленский сөзінен
Барасың қайда, қайда болмай маған, Жас өмір алтын - күміс жарқылдаған. Келер күн келеді екен не дайындап, Қараңғы, қарағанмен болжай алман?
Халқым барда Халқым барда
Шыныменен дос жоқ - ау дос жоқ менде. Сонда қалай, өмірім босқа өткен бе?! Осылай бір байламға келдім бүгін, Қарадым да сүйіскен қос кептерге.
Соқ, жүрек! Соқ, жүрек!
Бұзбай соққын ырғағыңды Сыңғырлаған сиқырлы үн естиін, Бұрап қой босап қалған сымдарыңды. Қалай - қалай соғасың, қан - жүрегім?!
Несіне өмір сүргенсің Несіне өмір сүргенсің
«Сұраушының сүйген асын кім берер» Барға - ырза, Жоққа - сабыр, күн көрер. Өкінемін, өшігемін несіне, Тірі жүрсем, маған кезек бір келер.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×