ойын сауық отауы
Емханада
07.05.2016 4 495 0 Дауыл

Емханада

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Өкінішті...
Мына құрғыр сырқаттың беті күшті.
Жүрегім көтеріліс жасап жатыр,
Бұзбақ болып кеудемде бекіністі.
Өкінішті...
О, Жүрек!
Менің алтын қазығым - ау!
Қайтейін, қажыдың - ау.
... Қытықтаған бауырдың «назы» мынау.
Қажыдың - ау, байғұсым, қажыдың - ау!
He істемекпін?
Жаным - ай, саған шипа істемек кім?!
Жаралғанда бүтін ем, үш бөлекпін:
Жүрегім - Африка, бауырым - Кипр,
Миым - Мұзды мұхиттай...
He істемекпін?..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Соқ, жүрек! Соқ, жүрек!
Бұзбай соққын ырғағыңды Сыңғырлаған сиқырлы үн естиін, Бұрап қой босап қалған сымдарыңды. Қалай - қалай соғасың, қан - жүрегім?!
Соқ, жүрек! Соқ, жүрек!
Қалай - қалай соғады, қан - жүрегім?! Соғасың, әлі өмірің бар білемін. Дем ала «әй, байғұсым, дем ала ғой. Бұл тірлікте құм арым қанды менің.
Мықтымын ғой дегенмен... Мықтымын ғой дегенмен...
Мықтымын ғой дегенмен Қорғасындай бір салмақ кетер емес денемнен. Басады кеп төбемнен. Қош айтысып өлеңмен, Терезеге төнем де Алатауды көрем мен -
Менің ғасырым Менің ғасырым
Кірпікке кір жуытпай, құндақтаған. Мына өмір, мына дәуір қымбат маған. Бұл ғасыр, сірә, менің жүрегім - ау, Тынысын қыбыр етпей тыңдап бағам.
Жүрегім менің - жанартау Жүрегім менің - жанартау
Жүрегім менің - жанартау, Жалын боп шығар от - демім. Келем деп қамсыз, самарқау, Өртеніп, қалқам, кетпегін.
Жоқ, дәрігер Жоқ, дәрігер
Жүрегіме жүк артып жүргенімде, Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе? Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген, Уландың ба, білмеймін кірледің бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×