ойын сауық отауы
Еске алу
08.05.2016 2 170 0 Дауыл

Еске алу

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

... Келсең, кел.
Ұятыңмен, арыңмен кел.
Бойыңдағы жақсылық, барыңмен кел.
Биік бол, мендегінің бәрін меңгер,
Жабырқаған жанымды жаныңмен көр
Бірі ұнатып, біреуі жек көреді,
Мен қойғам адамдарға өкпелеуді.
Басқа жағдай көңілді көп бәледі,
Өкпе, наз дегендерің өткен енді.
Өмірдің заңы бөлек, жөні бөлек,
Несіне өкпелейсің, жөніңе кет.
Бықсып жатар өсектің қоламтасы
Еркінірек наздансаң еліңе кеп.
Ағайын, күлкің қайда, назың қайда?
Жарасқан бір - біріңе әзіл қайда?
«Қалған көңіл - шыққан жан» дегендейін,
Шынымен енді қайтіп жазылмай ма?!
Келсең, кел.
Әзілмен кел, назыңмен кел.
Жан жұмсартқан жайдары жазыңмен кел.
He халде отыр екем, көзіңмен көр,
Аясаң, сезіміңді сезіммен бер.
Бәрінен айырылсаң өзіңнен көр.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Тауға келсең Тауға келсең
Тауға келсең, қыста емес, Күзде келгін! Қарсы алдыңнан табылар іздегенің. Жапырақтың көресің әлі - дағы, Тіршіліктен күдерін үзбегенін.
Несіне асығады?! Несіне асығады?!
Күн қайда асығады?! Нендей күш күннің нұрын жасырады?! Қызарып соңғы сәуле шашырады. Күн түйе алмай барады шашын әлі.
Музаға Музаға
Отырғанын қарашы күйім келмей, Қайда кеттің? О, Муза! Құйын желдей. Аузымды ашсам өкпемнен жел үреді, Қаңыраған иесіз диірмендей.
Көлің қайда, туған елім? Көлің қайда, туған елім?
Көлің қайда, туған елім? Шабақ болам титтей. Белің қайда, туған елім? Ойнақтайтын киіктей.
Жантықтың туысқаны Жантықтың туысқаны
Адамның баласынан жерімеп ем, Достастым періменен, серіменен. Жөніңе кет, жарқыным, жөніңе кет Ат кекілін кестім мен сеніменен.
Ақиқаттың ауылы Ақиқаттың ауылы
Жол қайда ақиқатқа апаратын? Ел қайда ақиқат деп аталатын? Айлакер, арамзалар, алаяқтар, Аяғы көктен келіп, маталатын?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×