ойын сауық отауы
Музаға
10.05.2016 6 344 0 Дауыл

Музаға

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Отырғанын қарашы күйім келмей,
Қайда кеттің?
О, Муза! Құйын желдей.
Аузымды ашсам өкпемнен жел үреді,
Қаңыраған иесіз диірмендей.
Мұздатады жанымды бұйым көрмей.
Жел үреді желпініп, көрік - кеудем,
Күйім келмей отырмын неліктен мен?!
О, Муза!
Қайдасың сен желік берген?
Жалын мен отқа ғана ерік берген
Серігім, қайдасың сен сеніп келген?
Дәптер жатыр парағы аударылмай,
Аударылмай шынымен қалғаны ма - ай!
Ойлар жатыр еңсемді бір көтертпей,
Тонна - тонна қорғасын салмағындай.
О, Муза!
Әуреге салғаның - ай!
Күтемін сенен үміт, сенен жігер,
Қисаң маған, биік пен тереңді бер!
О, Муза!
Маған алыс сөреңді бер!
Ғайыптан кел де, мені демеп жібер.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қайдасың көріктім, гөзелім Қайдасың көріктім, гөзелім
Қайдасың көріктім, гөзелім Сен - дағы ойлайсың сеземін. Жалғызбын білмеймін неліктен Болса да өз үйім, өз елім.
Тағы да Майгүлге Тағы да Майгүлге
Қайтсем сенің құтылам елесіңнен?! Отырасың қасыма келесің де. Сен өлгенсің, жаным - ау, мен тірімін, Мен тірімін.
Сыр Сыр
Күрсініп көкірегім, жылайды ішім, Өсем бе, өшемін бе құдай білсін. Қанды дағын жүректің қалдырайын, Қаласа біреу - міреу сұрай жүрсін.
Соқ, жүрек, солқылда, ми Соқ, жүрек, солқылда, ми
Соқ, жүрек, солқылда, ми, Тасы, қаным! Өмірге айтылған жоқ ғашық әнім, О, Муза! Бір өзіңе бас ұрамын, Тездеп жет
Ей, өмір Ей, өмір
Ей, өмір Дүниенің ағын да, қарасын да, Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да. Қарасымен шамаң жоқ таласуға, Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
Кереметі - ай, мына жарық сәуленің Кереметі - ай, мына жарық сәуленің
Кереметі - ай, мына жарық сәуленің! Езу тартып барады, әне, әлдекім, Алатау да жатыр, әне, сәнденіп, Ал мен болсам, бір жаныммен әуремін.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×