ойын сауық отауы
Жастық
08.05.2016 2 943 0 Дауыл

Жастық

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Ойлайыншы, не берді жастық маған?
Үйрет деп асау берді бастықпаған.
Жастық маған от берді жалындат деп,
Жастық маған оқ берді жауыңды ат деп.
Жастық менің жаныма жыр байлады.
Жастық мені жалтартпай шыңға айдады,
Жастық мені шыңдады, шынықтырды,
Жастық шіркін өмірді шын ұқтырды.
Ризамын жастыққа, текке өтпеді,
Әзір тұр гүл - бағымды көктеткелі.
Жастық маған ақыл - ой, сана берді,
Амал не, жастық өзі қалады енді.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Жастық шақ - Ғалым Мұтанов Жастық шақ - Ғалым Мұтанов
Бәрі де таза, бәрі де ақ. Оралмайтын ол бір бақ. Үмітімен сәні көп, Тойыменен әні көп. Артта қалды қол бұлғап, Қызуы мол жастық шақ!
Кел, жігіттер - Сәкен Сейфуллин Кел, жігіттер - Сәкен Сейфуллин
Көшкен елдей, Соққан желдей, Жастық шағы өтер тез.
Тағы да Майгүлге Тағы да Майгүлге
Қайтсем сенің құтылам елесіңнен?! Отырасың қасыма келесің де. Сен өлгенсің, жаным - ау, мен тірімін, Мен тірімін.
Мәңгілік жастық Мәңгілік жастық
Мәңгілік жастық, Мәңгілік жасыл, Көкпеңбек. Алақай, біздің алаулы жастық еткен жоқ! Қуарған күз де, Бозарған қыс та, мінеки, Майменен бірге оралды
Қойшы бала мен күшік Қойшы бала мен күшік
Бір бағыланды сойғызып, Іргеге жастық қойғызып, Үйіне болыс кеп отыр. Құйрыққа бауырды астарлап,
Туған жер Туған жер
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер, Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. Жастық - алтын, қайтып келмес күнімде Ойын ойнап, шыбын - шіркей қуған жер.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×