ойын сауық отауы
Тағы да Майгүлге
13.05.2016 4 982 0 Дауыл

Тағы да Майгүлге

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Қайтсем сенің құтылам елесіңнен?!
Отырасың қасыма келесің де.
Сен өлгенсің, жаным - ау, мен тірімін,
Мен тірімін.
Тірімін!
Көресің бе!!!
Көнген жаным жазаға, қазаға да,
Өкпелеме,
Сен енді жазалама.
Шын болса, табысармыз ахиретте,
Әзірще, жаным, мені мазалама!..
Мен деген - тірі жанмын,
Сен - елессің.
Білесің ғой, өлтірген мен емеспін,
Мен үшін артық емес сенен ешкім,
Бірақта, сен - елессің,
Сен - елессің! Араша тұра алады кім өлімге,
Жата бер мені күтіп түнегіңде.
Әзірге тірі жүрсем бұл өмірде,
Сенің орның оңаша жүрегімде.
Майгүлім, гүлім менің, көгім менің!
Жүрегін қияр дейсің өлімге кім.
Сен - менің жүрегім ең.
Дегенменен,
Елессің, енді маған көрінбегін...
Бір күні,
Бір жылдары,
Бір заманда,
Уақыт қуатымды ұрлағанда,
Шабыттың ақ бастауы құрғағанда,
Шынымен қалам алып, жыр жазам ба!?
Жүректе от,
Ойда жасын қалмағанда,
Тағы да жыр жазам деп қарманам ба?!
Жастықта жазып кеткен жырымды оқып,
Таңданам ба, кім білсін, алданам ба?!
О, Муза!
Мәңгі жастық!
Қайраи досым!
Қай күні ауар екен сайран досым.
Поэзия - жастық қой жалын ұшқан,
Жас күнде жазғаныңдай қайдан болсын.
О, Жастық!
Сен өлгенде, мен өлемін,
Сенсіз мен қиылған бір бөренемін.
Көнеремін, білемін, көнермін.
Көгере бер мәңгілік сен, өлеңім!..
Жырсыз менің өмірге не керегім,
Жырдан басқа жұртыма не беремін.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Орал Орал
Оралым, шықтың алдымнан, Оралым менің, Оралым! Қол созып қызыл вагоннан, Үстіңнен өтіп барамын.
Қызғанып қалма, жаным, сен Қызғанып қалма, жаным, сен
Біреулер менің қолымды қысса, жаныма қейде күліп кеп, қызғанып қалма, жаным, сен: сен үшін ғана құрметтеп мені тұратын шығар жігіттер, қызбалық
Қасқырға Қасқырға
О, сайтан! Алмас азу, қандыбалақ, Қанды ізің жосып жатыр, тау, жырада. Тағы да қылаң беріп, құтылдың ба? Тұра - тұр, көрісерміз қанжығада.
Қасыңда жүрсем Қасыңда жүрсем
Қасыңда жүрсем, Қадірім саған жоқ екен. Қасыңнан кетсем, Адамның нағыз қоры екем.
Сырқат сыры Сырқат сыры
Тағы, міне, таң да атты. - Сырқатыңыз салмақты... Ішкен шарап, жеген ет, Баурыңызды жалмапты.
Сен менің жүрегімді жазалама Сен менің жүрегімді жазалама
Сен менің жүрегімді жазалама, Шыдайды ол қуанышқа, қазаға да, Жүрек деген - сезім ғой, сезіміме Сезіммен кел, болмаса мазалама.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×