ойын сауық отауы
Кейіме, інім
09.05.2016 1 701 0 Дауыл

Кейіме, інім

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Кейіме, інім,
Сен тартқан мұңды мен емгем,
Кеткенмін сосын,
Өзімді - өзім жебеумен.
Анамыз жомарт,
Бабамыз жомарт дегенмен,
Жыламай жатсақ,
Жарылқап, емшек берер ме.
Кейіме, інім,
Кездескен мұңға алғашқы,
Кесірлі шақтың болмасын тіле алды ащы.
Қып - қызыл шоқтан суырып алып зергерлер,
Салмай ма суға сертке ұстар семсер - алмасты.
Кейіме, інім,
Керемет күндер алдыңда.
Кемсіне берме,
Керенау тартса, тағдырға.
Сүрініп кетсең, қарғып тұр қайта, даярлан
Кедергілерден екінші рет қарғуға.
Келіпсің інім,
Кеңесіп қайттың көктемде.
Кейітпес едім,
Болмады билік тек менде.
Жұлмалап, тонаи, қалдырып мені шеткеріге,
Жымысқы - уайым жылысып саған жеткен бе?!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қайырлы таң Қайырлы таң
Қайырлы таң, жомарт жерім, ер жерім, өзендерім, көлдерім! Қайырлы таң, кермиықты кең далам, құба жонды белдерім! Орманым да шуламай,
Ғабаңа Ғабаңа
Ғабеке, Анда - санда сізді көрем, Сізді көрсем жомарт бір күзді көрем, Еліктеп өзіңізге есім кетіп, Көгендеп ақ қағазға тіздім өлең.
Сонымен күндер өтті Сонымен күндер өтті
... Сонымен күндер өтті, Күндер өтті... Кімдер кеп, кімдер өтті?! Жонынан майы тамған жомарт - өлім!
Маған, құрбым, кектенбе Маған, құрбым, кектенбе
Өкініш қып өткен менен кеткенге, Өтінемін, маған, құрбым, кектенбе. Алай - түлей қарлы дауыл соқпай ма? Аласапыран ең алғашқы көктемде.
Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды
Miнe, тағы ашу келіп, алқымыма тығылды, Ақылымның есігінен аттай бере жығылды. Көлдей тұнық көңіліме қоқыс тастап лайлап, Кей пенделер қайнатады-ау,
Ақын ініме Ақын ініме
Азырақ құлағын сал, ақын інім, Ойымыз, рухымыз жақын, інім. «Ағалық правосын қолыма алып, Келемін айтайын»,— деп ақыл, інім!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×