ойын сауық отауы
Мен деген - ырза, мәз бала
10.05.2016 2 301 0 Дауыл

Мен деген - ырза, мәз бала

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Мен деген - ырза, мәз бала
Достар - ау, қайда тайдыңдар
He берді маған ай - жылдар?
Аздаған менде бақыт бар,
Аз ғана менің қайғым бар.
Қалғаны болса айтыңдар.
Айтылған арыз, назға да,
Көктемге, қысқа, жазға да.
Мен деген - ырза, мәз бала.
Рахат көрген аз ғана,
Азап та тартқан аз ғана,
Мен деген - ырза, мәз бала
Сәби қалпымнан қозғама.
Молынан маған бермеген
Бермесе қойсын кенде емен.
Аязды аздап көрген ем,
Ыстықта аздап шөлдегем,
Анасының да ақ сүтін
Айызы қанып ембеген -
Мәз бала, достар, мен деген.
Жыласам - дағы еңбектеп,
Жығылсам - дағы еңбектеп,
Рахат алып аз ғана
Аз ғана еткен еңбектен
Мен деген - ырза, мәз бала,
Мәз болам мынау Жер - Көкке.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өткінші жаңбыр Өткінші жаңбыр
Өткінші жаңбыр өрекпіл барып өткенде, Үздік те создық тырнаның үні жеткенде, Киіз үйлерге қараймын - дағы бөктерде, Ырза боламын осы бір ырғын
Түйсік Түйсік
Киген киім, асқа ырза күндегі ішкен, Жалықтым - ау, осы бір күн көрістен. Үмітім де үзіліп бара жатыр, Мына құрғыр мандышай жүрген істен.
Несіне өмір сүргенсің Несіне өмір сүргенсің
«Сұраушының сүйген асын кім берер» Барға - ырза, Жоққа - сабыр, күн көрер. Өкінемін, өшігемін несіне, Тірі жүрсем, маған кезек бір келер.
Бақыт деген Бақыт деген
«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...» Бақыт деген - сенің бала күндерің
Туысыма Туысыма
Болармын нағып ырза туысыма? Туыппын таршылықтың уысында. Шамам жоқ жан - жағыма қол сөзарлық, Тар көрдің тығылғандай қуысына.
He жетпейді? He жетпейді?
- He жетпейді? Құлпырған маңайың гүл,- деп маған, Ырза болмай, ағайын жүр. Жаным барда, бойымда қаным барда, Жырымнан жан ашуын алайын бір.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×