ойын сауық отауы
Пай, пай!
10.05.2016 3 353 0 Дауыл

Пай, пай!

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Пай, пай! Пай!
Сағындым - ау, сағындым - ау!
Талықсып, тар төсекке таңылдым - ау!
Қапыда қалтылдаған жаным мынау,
Жаратқан, нағылдым - ау, нағылдым - ау?!
Бал дәурен, бала дәурен, қайда қалдың
Баяғы жылқы баққан сайда қалдым.
Қоштастық қорасында Қойбағардың,
Сен содан мені тастап қайда бардың?
- Мен содан жастық деген желік қуып,
Бір қызық бір қызықтан еліктіріп,
Тапқан ем бір махаббат өліп тұрып,
Өліп тұрып қоштастым, жеріп тұрып.
- Махаббат, ақ махаббат, қайда ңалдың'
- Сен өзің қорлап кеткен ойда қалдым.
Биікті ұнатушы ең шыға алдың ба?
Бойда - қаным, қайтейін, ойдағы - арым
- Шығам деп бір биіктен бір биікке,
Кездестім бір күйіктен бір күйікке.
Сен - ақ бастау орнында тұнып қалған,
Тұрғанын түсіне бер кім биікте...
Білдім де артқа мойным бұрмасымды,
Тауға да, тасқа да ұрдым бүл басымды,
Сені еске алсам, келеді өмір сүргім,
От сөнді.
Отауым жоқ.
Жын басылды...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қайран бауыр Қайран бауыр
- Мұқаш - ай! Қарасазды сағындым - ау! Сағындым - ау, суымды, тауымды да! - ... Қайран дос, барғанымда осылай деп, Өрт кетіп өзегіне тарындың - ау!
Сағындым ғой Сағындым ғой
Сағындым ғой, саялы тау арасы, Сағындым ғой, жанымды дауалашы! Көрсетпестен, көк шалғын, көміп таста. Қарағайлы қалың ну, қамалашы!
Сен әлі тірі ме едің? Сен әлі тірі ме едің?
О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!? Көзімнен ғайып болған күнім едің, Гүлім едің... Елтіген түнім едің, О, Махаббат! Сен әлі тірі ме едің!?
Сағындым ғой Сағындым ғой
Сағындым ғой, саялы тау арасы, Сағындым ғой, жанымды дауалашы! Көрсетпестен, көк шалғын, көміп таста. Қарағайлы қалың ну, қамалашы!
Мына қасқа... Мына қасқа...
Қор болған жылдарым - ай, күндерім - ай! Асауға ауыздықсыз мінгенім - ай! Мына қасқа бәрін де біле тұрып, Мына қасқа бірін де білмеуін - ай!
Күн бүгін күңіреніп Күн бүгін күңіреніп
Күн бүгін тұрып алды күреңітіп, Шіркіннің ашылмайды реңі түк. ... Күреңіткен ауылдың сырт жағында, Мені де отыр ма екен біреу күтіп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×