ойын сауық отауы
Сағындым ғой
11.05.2016 1 929 0 Дауыл

Сағындым ғой

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сағындым ғой, саялы тау арасы,
Сағындым ғой, жанымды дауалашы!
Көрсетпестен, көк шалғын, көміп таста.
Қарағайлы қалың ну, қамалашы!
Жапырағын жамылтып, гүлің төсеп,
Бірің жастық болсаңшы, бірің төсек.
Екеумізге, ерке өзен, жараспай ма,
Тыным алмай күн бойы күбірлесек?
Мұрша берме ойлауға, сарқырама,
Қысыр ойды түгесші, сарқып ада.
Тасқа біткен бір шоқ гүл, кеудеме біт
Таста нең бар мейрімсіз, қалтырама
Сағындым ғой тауымның көк белдері,
Қанжығаңа байла да, бөктер мені.
Құздар, мені мәңгілік тұтқыныңа ал,
Асу берме, қияның өткелдері.
Таулар, таулар, тауларым, тауларым - ай!
Сағынысып қаппыз ғой, тарланым - ай!
Таудағыдай еш жерде күн шықпайды,
Түн болмайды еш жерде таудағыдай!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қайран бауыр Қайран бауыр
- Мұқаш - ай! Қарасазды сағындым - ау! Сағындым - ау, суымды, тауымды да! - ... Қайран дос, барғанымда осылай деп, Өрт кетіп өзегіне тарындың - ау!
Сағындым ғой Сағындым ғой
Сағындым ғой, саялы тау арасы, Сағындым ғой, жанымды дауалашы! Көрсетпестен, көк шалғын, көміп таста. Қарағайлы қалың ну, қамалашы!
Сағым боп аққан сан жылдар Сағым боп аққан сан жылдар
Сағым боп аққан сан жылдар, Сарпаңға мені салдыңдар. Тағдырлас маған, тағдырлар, Қай жаққа кетіп қалдыңдар?
Пай, пай! Пай, пай!
Пай, пай! Пай! Сағындым - ау, сағындым - ау! Талықсып, тар төсекке таңылдым - ау! Қапыда қалтылдаған жаным мынау, Жаратқан, нағылдым - ау, нағылдым -
Жастық Жастық
Ойлайыншы, не берді жастық маған? Үйрет деп асау берді бастықпаған. Жастық маған от берді жалындат деп, Жастық маған оқ берді жауыңды ат деп.
Құмған алған... Құмған алған...
Құмған алған, Суға барған, Сұлуымды сағындым. Сырғаланған, Қуған арман. Құлынымды сағындым.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×