Ауыздықтап тұра алсын арманды кім
Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев
Ауыздықтап тұра алсын арманды кім,
Жай таптырмас жаныңа жалған бүгін.
Байыздамай өмірден біз де өтерміз,
Болашаққа қалдырып қалған жүгін.
Армандаймыз, аңсаймыз, қиялдаймыз,
Мына думан өмірге сия алмаймыз.
Бос қиялмен өтпесек жарар еді,
Көктемеген егінді жия алмай біз.
Өзімізді, себебі, жиі алдаймыз,
Өзімізден - өзіміз үялмаймыз.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Ауыздықтап тұра алсын арманды кім,
Жай таптырмас жаныңа жалған бүгін.
Байыздамай өмірден біз де өтерміз,
Болашаққа қалдырып қалған жүгін.
Армандаймыз, аңсаймыз, қиялдаймыз,
Мына думан өмірге сия алмаймыз.
Бос қиялмен өтпесек жарар еді,
Көктемеген егінді жия алмай біз.
Өзімізді, себебі, жиі алдаймыз,
Өзімізден - өзіміз үялмаймыз.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Өтініш
Ескі көздер бара жатыр азайып, (Олар жайлы ойламаудың өзі айып). Ей, тірілер! Соларды бір еске алып, Тебіренейік, толғанайық, жазайық!
Әке
Әке, сенің жасыңнан асып барам. Кезі - кезі келгенде тасып та алам, Кезі - кезі келгенде жасып қалам, Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң.
Қыс келген күні
Тысқа шықсам, Күн шыңылтыр, ңар жауған. Ызғар, аяз атырылып бар маңнан, Асып анау асқар - асқар таулардай,
Қабағы таудың қатулы
Қабағы таудың қатулы, Қар жауа ма, қайтеді?! Бұлақтар мұңға батулы, Мұз тұра ма, қайтеді?!
Сәби болғым келеді
... Құс та болғым келмейді! Қанатым бар.. Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.
Бәріне жауаптымын
Бәріне жауаптымын. Қашан менен қалғалы тағат, тыным, Пісіп тұрған егінді бұршақ ұрса, Айтыңдар жауапты кім? Әрине, мен. Мен оған жауаптымын.