ойын сауық отауы
Сабырханға
11.05.2016 1 407 0 Дауыл

Сабырханға

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Қызылқұмда ізіміз қалар ма екен,
Іздеген жан біздерді табар ма екен?
Адасармыз, адассақ, қарамай - ақ
Кел екеуміз кезейік жалаң аяқ.
Қасиеттеп, қадірлі жерімізді,
Қалдырайық, басайық мөрімізді.
Әуестемей әлдекім салған ізді,
Өзімізше сызайық таңбамызды.
Адасармыз мықтаса құм шағылда,
Тынығармыз Қызылқұм құрсағында.
Тек ізіміз...
Ізіміз өшпесе екен,
Құйын тұрып, құм басып, көшпесе екен.
Өшсе, өшер, өшкенге қарамай - ақ
Қызылқұмды кезейік жалаң аяқ.
Қызылқұмда ізіміз қалар ма екен,
Іздеген жан біздерді табар ма екен?..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қыздарға Қыздарға
Қыздарды көрсем, бір түрлі Өзімнен - өзім мұңданам. Тиям да бейқам күлкімді, Өзімнен - өзім сыр бағам.
Қасыңда жүрсем Қасыңда жүрсем
Қасыңда жүрсем, Қадірім саған жоқ екен. Қасыңнан кетсем, Адамның нағыз қоры екем.
Қазынам бар Қазынам бар
Қазынам бар. Біреуге берсем бе екен?! Өкпелейді - ау бермесем, Берсем, бөтен.
Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам
Жүрегім, жүйкем, бар тұлғам, Бұл күнде сымдай тартылған. Лүп етіп самал соқса да, Ызыңдап қалар антұрған.
Жас бала Жас бала
Теріскей бет, жел үрген, Аязға тоңған жас бала. Тумай жатып өмірден, Қалды екен неге жасқана?
Жалаң аяқ қыз Жалаң аяқ қыз
Төпеп тұрған нөсерге қарамай - ақ, Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ. Жалтыраған әдемі топылиын, Кім біледі, жауыннан барады аяп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×