ойын сауық отауы
Жалаң аяқ қыз
08.05.2016 3 701 0 Дауыл

Жалаң аяқ қыз

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Төпеп тұрған нөсерге қарамай - ақ,
Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ.
Жалтыраған әдемі топылиын,
Кім біледі, жауыннан барады аяп.
Ойнақтаған далада қара көзім,
Еске түсіп кетті ме бала кезің?
Елең қылмай ешкімді барады өзі,
Жалаң аяқ жүргендей дала кезіп,
Еркін ұстап елігім барады өзін.
(Шыт көйлегі жабысқан кеудесіне.)
Қарамасқа, қоймайды көрмесіңе.
He келді екен сайтанның зердесіне?!
Жалаң аяқ сиқырға қарап тұрып,
Жалаң аяқ жастығым келді есіме!
Қара да тұр, қайтесің, қара да тұр,
Бұлаң еткен бұл сурет қалады ақыр.
Жалаң аяқ...
Балтыры жалт - жұлт етіп,
Ғайып болып жастығым бара жатыр.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Құстар қайтып барады Құстар қайтып барады
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып, Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып. Зымырайды менің бала кезімдей, Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.
Жаз келді Жаз келді
Күн жылынып, қар да еріп дүрілдеп, Сай - саладан сулар ағып, күрілдеп, Ой мен қырда басқызбайды сар балшық. Әлем - тапырық жердің беті іріңдеп.
Халқыма хат Халқыма хат
Сыйың мен құрметіңе қарамай - ақ, Ауылыңнан аттанып ем жалаң - аяқ. Ақсақал, ақ емшегің болғанымен, Өсіп ем ақымақты итке баламай - ақ.
Сабырханға Сабырханға
Қызылқұмда ізіміз қалар ма екен, Іздеген жан біздерді табар ма екен? Адасармыз, адассақ, қарамай - ақ Кел екеуміз кезейік жалаң аяқ.
Неңді сенің аңсаймын, бала шағым? Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?
Неңді сенің аңсаймын, бала шағым? Бұлдыраған айналаң ала сағым. Ала сағым ішінде - болашағың, Болашағың болашақ алашағың.
Жұлдыздар сөніп барады Жұлдыздар сөніп барады
Жұлдыздар сөніп барады Айналып келді батқан күн, Жығылды түннің жалауы. Алауын бақпай ақ таңның,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×