ойын сауық отауы
Сағым боп аққан сан жылдар
11.05.2016 2 223 0 Дауыл

Сағым боп аққан сан жылдар

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сағым боп аққан сан жылдар,
Сарпаңға мені салдыңдар.
Тағдырлас маған, тағдырлар,
Қай жаққа кетіп қалдыңдар?
Сайрандап күнде келеті
Саялы баққа бара бар;
Сан етін ойып беретін,
Қай жақта жүрсің, ағалар?
Қанаттыға қақтырмай,
Қамқоршым едің жем берер.
Айдында жүзген аққудай,
Қайдасың, қайран жеңгелер?
Сотқар боп мені есірген,
Қолымнан тізгін тартпадың.
Сақалына орап өсірген,
Қай жерде жүрсің, қарттарым?
Мендегі қызық тағдырға,
Жастарын сүртіп қараған.
Қай жаққа кетіп қалдындар,
Бір анам емес, бар Анам?
Көп жылдар өтті, көп күндер.
Халімді сұрамай бәрің,
Қай жаққа ауып кеттіндер,
Тауымның құралайлары?
Жаныма жайғасыңдар,
Жан сала шыңғырамын:
О, қайда, қайдасыңдар!
Тағдырлас құрбыларым?

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қайран бауыр Қайран бауыр
- Мұқаш - ай! Қарасазды сағындым - ау! Сағындым - ау, суымды, тауымды да! - ... Қайран дос, барғанымда осылай деп, Өрт кетіп өзегіне тарындың - ау!
Сонымен күндер өтті Сонымен күндер өтті
... Сонымен күндер өтті, Күндер өтті... Кімдер кеп, кімдер өтті?! Жонынан майы тамған жомарт - өлім!
Серіксіз бе едің, құрбыжан? Серіксіз бе едің, құрбыжан?
Сен әлі серіксіз бе едің, Серіксіз бе едің, Құрбыжан? Өтіпті - ау айлар, еріксіз жылдар жылжыған. Жападан - жалғыз, Жауатын күндей тұнжырап,
Сен бе едің? Сен бе едің?
Көтерілмей жүргенде еңсем менің, Армандадым, біреуді көрсем дедім. Біреу маған алыстан қолын созған, Қолын созған қамқоршым, сол сен бе ёдің?
Мен деген - ырза, мәз бала Мен деген - ырза, мәз бала
Мен деген - ырза, мәз бала Достар - ау, қайда тайдыңдар He берді маған ай - жылдар? Аздаған менде бақыт бар, Аз ғана менің қайғым бар.
Бұрын ылғи құс сайрайтын тереземнің алдында Бұрын ылғи құс сайрайтын тереземнің алдында
Бұрын ылғи құс сайрайтын тереземнің алдында, Ала қарға, қарқылдайды... Нендей сиқыр бар мұнда?! Көгершіндер, шымшықтар - ау... Қайда кетіп қалдындар?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×